+4 дауыс
529 көрілді
Қалада емдеу орталықтары көп. Ішінде дәріханасы , узи аппараттары барлық жағдайы жасалған. Қайсыбірі жақсы қарайды деп таңдауға тосылып қаламыз кейде. Жаның қиналып, қыл үстінде отырған сәтте біліктілігімен дертіңе шипа болатын жанды қалай табуға болады? Жақсы дәрігер қандай болады сіздіңше? Адал , жауапты, білікті, иманды дәрігерді қандай белгілеріне қарап танимыз?
Біздің ауылдың дәрігері алдына барған адамдарды сынап-мінеп кетеді, өзі сибирский здоровья деген бір компанияда қосымша жұмыс істегендіктен  , сол өнімдерді жарнамалап , өткізуге тырысады. Ол қандай дәрігер болды сонда?!   Антына берік ақ  халатты жандар аман болсын! Жауаптарыңызға рахмет.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Жүзі жақсыдан түңілме" дейді ғой қазақ, мінезі мен жылы ұшырауына қарап байқайтын шығармыз.

"Сырт көз-сыншы" деп қанша айтқанымызбен адамның жан-дүниесін бір қарап тану мүмкін емес шығар.  

Егер асты-үстіңе түсіп, бар жағдауыңды жасап, іші-бауырыңа кіріп тұрса не дерсің?! Үйіңдегілердің, жақындарыңның жағдайын сұрап, қалай және неден ауырғаныңды сұрап, дәрі-дәрмегінің бағасын түсірмесе де)))) күлдіріп, көңіліңді көтеріп, ештеңені жамандыққа жорымай, тек жақсы нәрсені айтса сол жақсы дәрігер шығар. Ал нағыз сауатты және өз саласының білгір дәрігері екенін сөзі мен ісіне қарап айтуға болмайтын шығар.  Дым білмейтіндер де адам түсінбейтін терминдермен басты қатырып дәрігердің кейпіне түсе алады ғой. Қазіргі кезде нағыз, мықты, әрі жақсы дәрігерлерді табу қиын шығар.  "Алдараспанның" әзілінде осы мәселе жақсы көтерілген.

+2 дауыс
"Халық айтса қалып айтпайды" деген . Сол себепті ем қабылдап көрген сол маңдағы халықтан сұрап көрген дұрыс сияқты
+2 дауыс
Оларды бірден тану мүмкін емес.Аурып барған кезіңізде дәрігер жақсы сөйлеп жатса,жылы шырай танытса расында ақ халатты абзал жан болғаны..мен ауылда тұрамын..бір күні басым қатты аурып қалды.Төрт күн бойы ұйқы көрмедім.Дәрігер қабылдауына әкем алып барды.Түн кезі еді.Жаным қиналып тұрғанда әлгі дәрігер маған:"Өтірік өзіңді аурығанға салма.Әкеңе айт..сені алып кетсің..мұнда науқастар көп",-деді..Жаным соншалық қиналып тұрғанда сөйлеуге шамам келмеді..тек іштей ақ халат кие тұра,іштері қара жандарды көрдім..қала ауруханасына барғанымда екі дәрігерді көрдім..сол кез байқағаным жақсы дәрігер науқасты көре салысымен оның жағдайын білуге асығады екен..сөйлеу мәнерімен де тануға болады.
...