0 дауыс
Мен  биыл 11 сыныппын, тестке дайындалып жүрмін. Сіздерден сұрайын дегенім, бір күнде бір ғана сабақтан дайындалу керек пе, әлде бір күнде бірнеше сабақтан дайындала беруге болады ма? Мысалы әдебиет, тарих, қазақ тілі. Алдында бір кісілерден естідім, бір күнде бірнеше сабақ оқыған дұрыс емес, олардың ешқайсысы миыңда дұрыс сақталмайды дейді. Бұл қаншалықты рас?
26.11.2013 622 қаралым

3 жауап

0 дауыс
Ол өзіңнің миыңа байланысты. Миың жақсы қабылдап тұрса бір күнде бірнеше сабақтан дайындала беруге болады. Тарихты ҰБТ-ға 2 ай қалғанда жаттай бастасаң болады.
26.11.2013
0 дауыс
Ол, әрине, өзіңе байланысты. Сен егер бар ынтаңмен оқысаң, онда миың ашымайды. Және әр оқыған кезде талдап, әсіресе, тарихтан мысалы бір елмен басқа елді салыстыру өте көп келеді. Сол кездерде талдап, әрқайсысын салыстырған жөн деп ойлаймын. Бірақ, әр адамдар әр түрлі қабылдайды. Кейбіреулер баяу қабылдайды. Олар өз шамасына қарап оқу керек. Ал тез қабылдайтындар әрине, барлығын оқуға болады.
26.11.2013
тамаша жауап, дұрыс әркімнің деңгейі әр түрлі және бір жағынан миды тыныштандырып оқыған сабақ әлдеқайда тиімді деп ойлаймын.
+1 дауыс
Бір күнде 2-3 сабақтан (үзіліс жасай отырып )оқуға болады деп ойлаймын....  Өзім солай дайындалып жатырмын. Егер қиын болып жатса өзгерте саласың  режиміңді.
26.11.2013

Ұқсас сұрақтар

127,960Сұрақ
322,890Жауап
153,169Пікір
73,008Қолданушы