+2 дауыс
35.8k көрілді
Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан - шығарма керек еді? Болашақ Қазақстанды қалай елестетесіз. Сол турасында эссе жазу керек

3 жауап

+1 дауыс

Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық. 
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен. 
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін , күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс. 
Ал екінші бақытым- Тілім менің, 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей-кейде дүниеден түңілсем де 
Қасиетті тілімнен түңілмедім,-деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс. 
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет. 
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!

 

Ақпарат мына жерден ұрланды.

осыны мен кордым баскандай керек еды
Ағасы енді саған өзім жазып бере алмайм ренжіме.
0 дауыс
Еееее!!!
Қазақтар!!!
Бір-бірімізді аяқтан шалып, құлатқанды,
Жетімдерді жылатқанды,
Тоқтатайық!!!
ҚАЗАҚ өзімізден басқа кімге керееек!!!!???!!!

Тыңда мені, шірік басқан парақоршы шенеунік,
Не істедің сен қазақ үшін аз да болса демеу ғып.
Сендер берген уəделерді күтеміз деп көгердік,
Қазақтарды қорладыңдар жерге таптап, төмен ғып.

Сайланарда сайрайсыңдар сақалы бар мұсылмандай,
Шіренесің халық сені осы орынға ұсынғандай.
Айтшы маған... қазақ үшін жасап жатқан ісің қандай?!
Жауап жоқ па?! Демал онда, жүрсің əлі ұйқың қанбай!!!

Қазақтарды адам емес, төрт аяқты мал көресің,
Ақша менен билік үшін итше талап, жан бересің.
Мансап үшін жат елдіктің жатырына жатып алмай,
Көтерсеңші қазақтардың құлап қалған мəртебесін.

Қанша қазақ қырылуда сендейлердің кесірінен,
Қазақпыз ғой түсінеміз, жалықпаймыз кешіруден.
Қазақсың ғой тыңдап өскен қарияның өсиетін,
Олай болса, қайда кетті қазақ мінез қасиетің?!

Бастықпын деп бас ұрасың, көсілесің, керілесің,
Кедейлерден тартып алып, той-думанда төгілесің
Қазағым жүр кредит алып, жыртығына жамау таппай,
Қарғыс атса көп ұзамай əлі де сен жеңілерсің!!!

Тек қазаққа тиесілі мұнайды да тауыстыңдар,
Əкең берген дүниедей оны сатып жарыстыңдар.
Шенеуніктер тонай берсе, елімізден не қалады?!
Жауап жалғыз, сол баяғы жазықсыздар қамалады.

Тыңда мені қарындасым! Жалынамын жаңылмашы!
Клубтарда қаңғып жүріп, сергелдеңге салынбашы.
Ата-анаңды аясаңшы, саған артқан сенімдерін
Жүрсің міне, астындағы көпшігі боп көрінгеннің.

Ей, сорлы қыз қалаға кеп, жын қуғанды сəн деп пе едің,
Есіңде ме ауылыңда "Қамажайды" əндеткенің...
Аяқ асты Алматының аруы боп шыға келдің,
Қасыңдағы қандасың мен бауырыңды "мамбет" дедің!

Махаббатты ұмыттыңдар, дүниеге қызықтыңдар!
Сендер үшін сүйікті емес, "тоқал" болу қызықтырақ.
Ақша үшін арын сатқан, теңге үшін тəнін сатқан,
Арулардың адасқанын менен басқа кім ұқтырат!!!

Қазақ қызы қазанды емес, темекіні будақтатты,
Дəл осылай бар қазаққа шашыратты сұр батпақты
Бұл заманда еркек емес, жас арулар төбелесті,
Жігіт үшін тісін қайрап, батырлардай ерегесті.

Айтшы маған! Осындай ма қазағымның келіндері?!
Кеудесі ашық, сары шашты, селиконнан еріндері.
Айтайын мен қарындастар, бұлай байға тие алмассың,
Кімге керек қатынының құбыжықтай көрінгені.

Шыны керек, көбеюде бала сатқан аналар,
Бүйте берсек қазағым-ау ұлтымыздан не қалар?!
Кейбіреулер нəрестені тастап жатыр қоқысқа,
Мұндайларды біздер емес, АЛЛА өзі жазалар!

Ей, безбүйрек айтшы маған, сəби саған не істеді?!
Күнəсі оның сендей малдың жатырында өскені,
Сен сияқты сасықтарға бұл өмірде орын жоқ.
Қатігезде болмайды ғой сенім тұрмақ сескену.

Бала сенің бауыр етің жол ашатын жұмаққа,
Жауап берші қарындасым жалғыз ғана сұраққа...
Анаң сені дəл осылай тастап кетсе не істер ең?!
Жауап жалғыз, жүрер едің "қайғы" деген тұзақта!

Тыңда қазақ бауырым! Ішіндегі тəуірім,
Ойланбасаң дəл қазір, өтіп кетер дəуірің.
Ағаларға жүгінесің жүрмей жатса əмірің,
Есте болсын братан емес, АЛЛА сенің тəңірің.

Мақтанасың мініп алып, əкең алған көлікті,
Жануардай ысқырасың аруларға көрікті.
Есте болсын, сұлулар да сен білгендей жынды емес,
Не істейді олар тірі жүрген арамтамақ өлікті.

Жолда жүріп, көлік айдап, арақ ішіп тірелесің,
Бандитпін деп жар саласың, əлсіздерге шіренесің.
Өстіп жүріп ерке бала опасызда өліп қалма,
Кімге керек сенің қайғың, қалады тек бір елесің.

Ойлан досым! Ойласаңшы ата-анаңның жағдайын,
Олар саған қорған болды, қамқор болды əрдайым.
Намыс қайда?! Құрмет қайда?! Əке менен шешеңе,
Ең болмаса сыйласаңшы ақ шаш түскен маңдайын!!!

Ps. 2 рет
Қазақ едік қасқыр мінез, қан алатын қадалғаннан
Қазақ едік жауға шапқан батыр бабам жаралғаннан
Айырылдық тек шындықты ашық айтқан адалдардан
Жанға батты "жағымпаздар" жаулап алған харам жалған Еееее!!!
Қазақтар!!!
Бір-бірімізді аяқтан шалып, құлатқанды,
Жетімдерді жылатқанды,
Тоқтатайық!!!
ҚАЗАҚ өзімізден басқа кімге керееек!!!!???!!!

Тыңда мені, шірік басқан парақоршы шенеунік,
Не істедің сен қазақ үшін аз да болса демеу ғып.
Сендер берген уəделерді күтеміз деп көгердік,
Қазақтарды қорладыңдар жерге
0 дауыс
Менің қиалымдағы əлем атты эссе керек еді
...