+2 дауыс
543 көрілді
Мен 9 сынып окимын али де кандай мамандык тандарымды билмеймин.Егер суй1кти мамандыгымды окысам, оны тастап кетем бе деп коркамын. не истесем болады?сиздер кандай кенес бере аласыздар?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қорықпаңыз. Өз мамандығыңызды таңдай білу - өзіңізге байланысты. Өзіңіз қандай пәнге бейімсіз, қандай пән және қандай мамандықты жақсы көресіз? - Осындай тақырыптарда ой толғағаныңыз жөн. Сізге мына пәнді таңдайсың, болды, соны таңдайсын дейдін жағдайда қалғанша, өзіңіз бір сәт бәрін естен шығарып, тек осы жайлы ғана ойланып көріңіз! Сіздің болашағыңыз - өз қолыңызда.

Бір айта кетерлігі : мен де 9-сыныпта оқимын, Менің жақсы көретін пәндерім: геометрия, алгебра және сызу. Сол себепті мен - сәулетші \архитектор\ болғым келеді.

Өзіңіз ойланыңыз! Менің берер кеңесім: қай пәнді жақсы көріп, қандай мамандықты жақсы көретініңіз туралы өміріңіздің болашағына көз жүгіртіңіз!
+2 дауыс
Жалпы адам мамандықты 1-іншіден өз қабілетіне байланысты, 2-шіден өз қалауына байланысты таңдау керек.

Егер өзің жақсы көріп бір мамандықты таңдасаң, бірақ ол мамандық жайлы түсінікке ие болмасаң және қолыңнан келмесе қоғамға деген пайдаң аз болады. Ал бір мамандықты жақсы көру үшін сен ол туралы көп ақпарат білу керексің. Менің жеке пікірім солай!
0 дауыс
Осындай ойлы сұрақтарыңыз көбейе берсін!
+1 дауыс
Оз ойларынызбен болискендеринизге рахмет!Кенестеринизди ескере отырып мамандык тандауда кателеспеймин деген ойдамын!
...