Ең жіңішке смартфон қандай?

0 дауыс
463 қаралым
Жаңадан шығып жатқан ең жіңішке смартфон қандай?
Ұялы телефон Белгісіз

5 жауап

+2 дауыс

Ең жұқа 5 смартфон

Қалыңдығы бар болғаны 6,18 мм болатын Huawei Ascend P6 смартфонының жарыққа шығуы смартфондар арасындағы көлемге байланысты тартыста миллиметрдің оннан бір бөлігінің өзі есепке алынатынын көрсетті. Массагет.кз соңғы бір жарым жылда жарыққа шыққан ең жұқа 5 смартфонды іздеп тауып, соларды назарларыңызға ұсынбақ.

1. Huawei Ascend P6

Қалыңдығы 6,18 мм, таныстырылған күні 18 маусым 2013 жыл,сатылымға әлі шықпады.

Huawei компаниясының смартфонының корпусы металдан жасалған. Оның сипаттамасы орташа телефондардан жоғары, бірақ нарық көшбасшыларына жете алмайды.

Экран диоганалі 4,7 дюйм. Аталған құрылғы фирмалық 1,5-ГГц төрт ядролық K3V2E процессор, 2 Гбайт оперативті жадпен жабдықталған. Телефон маңдайшасындағы камераның түсіру сапасы 5 мегапиксель болса, негізгі камеранікі – 8 мегапиксель.

2. Alcatel One Touch Idol Ultra 6033

Қалыңдығы 6,45 мм, таныстырылған күні 7 қаңтар 2013 жыл, құны шамамен 65 000 теңге.

Жарты жыл бұрын таныстырылған Alcatel компаниясының смартфоны экран сипаттамасы жағынан қазіргі рекордшымен тең түседі, бірақ ішкі құрылысы жағынан едәуір нашар.

Дисплейі көлемі мен диагоналі Ascend P6-мен бірдей. Құрылғы 1,2-ГГц екі ядролық проецессорде жұмыс істейді және 1-Гбайттық жады бар. Негізгі камераның түсіру сапалығы 8 мегапиксель, ал телефон маңдайшасындағынікі – 1,3.

3. BBK Vivo X1

Қалыңдығы 6,55 миллиметр, таныстырылған күні 23 қараша 2012 жыл,Қазақстанда сатылмайды.

Vivo X1 экранының көлемі алдыңғы екі құрылғынікімен бірдей, алайда сапасы төмендеу (960×540  нүкте). Процессор, жад және негізгі камера параметрлері Alcatel One Touch Idol Ultra 6033-ке ұқсайды, ал смартфон маңдайшасындағы камераның түсіру сапалығы – 2 мегапиксель.

4. Oppo Finder X907

Қалыңдығы 6,65 мм, таныстырылған күні 27 қараша 2012 жыл,шамамен 70 000 теңге.

Бұл да Қытай өнімі. Смартфон сипаттамасы жарыққа шыққан кезде де үздік саналмаған, бірақ әзірге бәрі қанағаттандырарлықтай.

4,3-дюймдік экранның сапалығы 800×480 нүкте. Ол Super AMOLED технологиясы бойынша жасалған. Құрылғы Qualcomm компаниясының 1,5-ГГц екі ядролық процессор негізінде жұмыс істейді және 1 Гбайт оперативті жадқа ие. Маңдайша камерасы 1,3 мегапиксель болса, негізгісінде 8 мегапиксель бар.

5. Huawei Ascend P1 

Қалыңдығы 6,68 мм, таныстырылған күні 9 қаңтар 2012 жыл, құны шамамен 65 мың.

4,3-дюймдік экранның сапасы 960×540 нүкте, 1,5-ГГц екі ядролық процессор мен 1 Гбайт оперативті жад - Huawei Ascend P1 S-дің артықшылығы осы ғана. Негізгі камерасы 8 мегапиксельді. Өз кезегінде алдыңғы камерада 1,3 мегапиксель ғана бар.

Айта кетсек, рейтингте көрсетілген смартфондардың барлығы Android платформа негізінде жұмыс істейді. Өндірушілер басты назарды қалыңдыққа бөлген, сондықтан оларда айтарлықтай инновация жоқ.

Атақты өндірушілердің үздік смартфондарының ішінде қалыңдығы жағынан топ бестікке iPhone 5  қана жақындай алды. Оның қалыңдығы – 7,6 миллиметр.

P.S: Ақпарат мына жерден ұрланды.

0 дауыс

sony expria z ultra

0 дауыс
Әлемнің көптеген техно гаджет өндірушілері түрлі титулды иемденуге үнемі таласып келеді. Бүгінде смартфондар нарығындағы ең жұқа өнім ретінде танылу да маңызды болып отыр. Инновациялық технологияның арқасында өндіруші компаниялар смартфондардың көлемін 0 мм-ге дейін жеткізуі әбден мүмкін.

Расында рекордтық көрсеткішке жеткен өнімдер дүкен сөрелеріне түсіп үлгермей, оған аналог пайда болады. Бәсекелестікке қабілетті болу деп осыны айтса керек. Vivo гаджетімен де осы сынды жағдай орын алған.

Осыдан біраз уақыт бұрын ең жұқа өнім ретінде Vivo X5 Max гаджеті есептелетін еді. Оның ені небәрі 4,75 мм болатын. Осы ерекшелігімен тұтынушыларның қызығушылығын тудырған смартфонға да бәсекелес табылды.

Қытайдың Coolpad компаниясы Vivo X5 Max смартфонына бақталастық тудырмақ. Айта кетсек, оның Ivvi бренді ерекше қырымен қөзге түсіп отыр. Ол корпусының жұқалығымен ерекше девайс ретінде танылмақ. Ені бар жоғы — 4,7 мм.
яғни ең жұқа смартфон Ivvi
0 дауыс
[Ivvi – әлемдегі ең жұқа смартфон]

Екеуінің енінде айтарлықтай алшақтық жоқ. Дегенмен бұл қырын жарнама агенттері соңына дейін жеткізе алады.

Әзірге Ivvi смартфонының нақты техникалық мінездеме берлімеді. Өнімнің 4,7-дюймге ие болатынына байланысты тек тизер ғана жарияланған.
0 дауыс
Қалыңдығы бар болғаны 6,18 мм болатын Huawei Ascend P6 смартфонының жарыққа шығуы смартфондар арасындағы көлемге байланысты тартыста миллиметрдің оннан бір бөлігінің өзі есепке алынатынын көрсетті. Массагет.кз соңғы бір жарым жылда жарыққа шыққан ең жұқа 5 смартфонды іздеп тауып, соларды назарларыңызға ұсынбақ.

1. Huawei Ascend P6

Қалыңдығы 6,18 мм, таныстырылған күні 18 маусым 2013 жыл, сатылымға әлі шықпады.

Huawei компаниясының смартфонының корпусы металдан жасалған. Оның сипаттамасы орташа телефондардан жоғары, бірақ нарық көшбасшыларына жете алмайды.

Экран диоганалі 4,7 дюйм. Аталған құрылғы фирмалық 1,5-ГГц төрт ядролық K3V2E процессор, 2 Гбайт оперативті жадпен жабдықталған. Телефон маңдайшасындағы камераның түсіру сапасы 5 мегапиксель болса, негізгі камеранікі – 8 мегапиксель.

2. Alcatel One Touch Idol Ultra 6033

Қалыңдығы 6,45 мм, таныстырылған күні 7 қаңтар 2013 жыл, құны шамамен 65 000 теңге.

Жарты жыл бұрын таныстырылған Alcatel компаниясының смартфоны экран сипаттамасы жағынан қазіргі рекордшымен тең түседі, бірақ ішкі құрылысы жағынан едәуір нашар.

Дисплейі көлемі мен диагоналі Ascend P6-мен бірдей. Құрылғы 1,2-ГГц екі ядролық проецессорде жұмыс істейді және 1-Гбайттық жады бар. Негізгі камераның түсіру сапалығы 8 мегапиксель, ал телефон маңдайшасындағынікі – 1,3.

3. BBK Vivo X1

Қалыңдығы 6,55 миллиметр, таныстырылған күні 23 қараша 2012 жыл, Қазақстанда сатылмайды.

Vivo X1 экранының көлемі алдыңғы екі құрылғынікімен бірдей, алайда сапасы төмендеу (960×540  нүкте). Процессор, жад және негізгі камера параметрлері Alcatel One Touch Idol Ultra 6033-ке ұқсайды, ал смартфон маңдайшасындағы камераның түсіру сапалығы – 2 мегапиксель.

4. Oppo Finder X907

Қалыңдығы 6,65 мм, таныстырылған күні 27 қараша 2012 жыл, шамамен 70 000 теңге.

Бұл да Қытай өнімі. Смартфон сипаттамасы жарыққа шыққан кезде де үздік саналмаған, бірақ әзірге бәрі қанағаттандырарлықтай.

4,3-дюймдік экранның сапалығы 800×480 нүкте. Ол Super AMOLED технологиясы бойынша жасалған. Құрылғы Qualcomm компаниясының 1,5-ГГц екі ядролық процессор негізінде жұмыс істейді және 1 Гбайт оперативті жадқа ие. Маңдайша камерасы 1,3 мегапиксель болса, негізгісінде 8 мегапиксель бар.

5. Huawei Ascend P1

Қалыңдығы 6,68 мм, таныстырылған күні 9 қаңтар 2012 жыл, құны шамамен 65 мың.

4,3-дюймдік экранның сапасы 960×540 нүкте, 1,5-ГГц екі ядролық процессор мен 1 Гбайт оперативті жад - Huawei Ascend P1 S-дің артықшылығы осы ғана. Негізгі камерасы 8 мегапиксельді. Өз кезегінде алдыңғы камерада 1,3 мегапиксель ғана бар.

Айта кетсек, рейтингте көрсетілген смартфондардың барлығы Android платформа негізінде жұмыс істейді. Өндірушілер басты назарды қалыңдыққа бөлген, сондықтан оларда айтарлықтай инновация жоқ.

Атақты өндірушілердің үздік смартфондарының ішінде қалыңдығы жағынан топ бестікке iPhone 5  қана жақындай алды. Оның қалыңдығы – 7,6 миллиметр.
127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы