Негізі үйдегі насос құдықтан алынатын сулар көп аймақтарда құм,саз қабаттары арқылы сүзіліп шығатын болғандықтан таза,ішуге жарамды болып саналады. Ал енді кейбір аймақтарда су сапасы айтарлықтай таза болмайтыны (түсі сарғыш,жағымсыз иіс,дәм, лайлы т.с.с.) кездесіп жатады. Ондай жағдайда суды сүзіп тазарту қажеттігі туындайды, сол кезде қолда арнайы сүзгі (фильтр) болмаса не істейміз деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Менімше Көркем осы жайлы сұрап отыр деп ойлаймын. Бұндай жағдайда 20 литрлік ыдысқа әлгі сапасыз суды құйып оған бір шай қасық марганцовқа қосып араластырып 6 сағатқа тұндырып қою керек. Айтылған уақыт өткеннен соң жоғарыдағы Назымбек айтқан әдіспен таза медициналық мақта арқылы сүзіп алу керек. Дұрыс орындалса су сапасы тура дүкендегі сатылатын құтыдағы суларға жетеқабыл болатындығына кепілдік беремін. Әбден сыннан өткен әдіс.