0 дауыс
13.5k көрілді
АҚШ елінің салт-дәстүрі мен мейрамдары керек?

1 жауап

0 дауыс
Американ Холидейз Америка мерекелерінің әлеуметтік тарихына кіріспе шолу болып табылады.

Әрбір мәдениеттің өкіліне мерекелер тән. «Холидей» сөзінің тура мағынасы «қасиетті күн» (ағылш. «holy day») болғанымен, Америка мерекелерінің дені діни мерекелерден гөрі, тарихи естелік боп қалған мерекелер. Америка ұлтының этникалық әр-алуандығына байланысты Америка мерекелерінан түрлі елдердің мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің ізін байқауға болады. Алайда барлық мерекелер анық Америкалық сипатқа ие болғанын байқауға болады. Құрама Штаттарда «холидей» сөзі «салтанатты той-думан» дегенді білдіреді.

Құрама Штаттарда қағаз жүзінде қатып қалған федералды (ұлттық) мереке жоқ. 50 штаттың әрқайсысы өз мерекелерін таңдауға құзырлы. Алайда іс жүзінде, штаттардың көбі федералды («заңды немесе «елдік») мерекелерді өткізіп тұрады. Президент пен Конгресс заң жүзінде тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана мереке күндерін белгілей алады. Десек те, федералды үкімет жылына төмендегі он мерекені жария етеді.

Жаңа Жыл - Қаңтардың бірі
Мартин Лютер Кинг күні – Қаңтардың үшінші дүйсенбісі
Президент күні – Ақпанның үшінші дүйсенбісі
Мемориал күні – Мамырдың соңғы дүйсенбісі
Тәуелсіздік күні - Шілденің 4-і
Еңбек күні – Қыркүйектің бірінші дүйсенбісі
Колумб күні – Қазанның екінші дүйсенбісі
Ардагерлер күні – Қарашаның екінші дүйсенбісі
Ризашылық күні – Қарашаның төртінші сәрсенбісі
Рождество күні - Желтоқсанның 25-і

1971 жылы барлық мемлекеттік мерекелердің күндері ресми түрде ең жақын тұрған дүйсенбіге президент Ричард Никсонның үкімімен ауыстырылды. Дүйсенбі күні тойлануы міндетті емес 4 мереке бар: Ризашылық күні, Жаңа Жыл, Тәуелсіздік күні және Рождество күні. Ал Жаңа Жыл, Тәуелсіздік, Рождество күндері жексенбіге түссе, алдыңғы күн де мереке болып саналады. Федералдық үкімет мекемелері, оның ішінде пошта қызметінің кеңсесі де федералдық мереке күндері жабық болады. Мектептер мен кәсіпорындар Тәуелсіздік күні мен Рождество күні сияқты басты мерекелерде жабық болғанымен, Президент күні немесе Ардагер күні ашық болуы мүмкін.

Федералды мерекелер әр штаттың заңдарына сәйкес аталып өтіледі. Олардың күндері де федералды үкіметке емес, әр штаттың өз үкіметіне байланысты тағайындалады. Әрбір штат Ризашылық күні сияқты мерекенің Президент жариялаған күнімен келісе алады. Сондай-ақ әр штаттың заңнамалық орындары мереке күнін өзінің арнайы естеліктеріне сәйкес өзгерте алады. Үлкенді-кішілі қалалар тіпті федералды мерекені мүлде тойламау туралы шешім қабылдауға құқылы. Дегенмен, штаттардың басым бөлігі (қала-қыстақтарымен қоса) әдетте елдің барлығы таңдаған күнді таңдайды. Бұдан басқа да штат деңгейінде жергілікті аталып өтетін «заңды» мерекелер бар. Жергілікті мемлекеттің мекемелер мен кәсіпорныдардың жабылуы да әр алуан. Азаматтардың жұмыстан демалыс алатын күндері тек жергілікті шешімдерге бағынышты.
...