+2 дауыс
5.3k көрілді
Өтінем оқушыға мінездеме тауып беріңіздерші
10 сынып оқушысына
Түлегі деген жерге 10 сынып оқушысы деп өзгерте салсаң болады.

2 жауап

+1 дауыс
(Мектеп бiтiрушi түлекке орта мектептiң жазған мiнездемесi, үлгi ретiнде)
1986 жылдың 2-мамырында туылған Жаңаөзен қаласы, ном¤ 10 орта мектептiң түлегi Абдуллаев Медетбекке
мiнездеме.
Медетбек-өнегелi iскер, қабiлеттi, қайырымды оқуші. Оқуға деген ынта-ықыласы өте жоғары. Ол мектептiң "жас өлкетанушы" үйiрмесiнiң белдi мүшесi. Қалалық, облыстық тарих, география пәндерi олимпиадасының және спорттық жарыстардың жеңiмпазы. Медетбек мектептiң қоғамдық жұмыстарына белсене қатынасады. Ол тапсырылған жұмыстардың мерзiмiнен бұрын орындалуына ұйытқы бола бiлетiн, iскер оқушы. Ұстаздары оның таңдаған кәсiбiнiң бiлiктi маманы болатындығына сенедi.
Мектеп директоры: Ахсетов С.
Сынып жетекшiсi: Назарбаев Н.
25 қараша, 2013 жыл
+1 дауыс
ОҚУШЫҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

А. Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінің 9 «э» сынып оқушысы Ақтанбаев Эльдар Манарбекұлы. Туған күні: 01.11.1992. Мекен жайы: Бажова Лен 345/1-45 үй. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Бойы 162 см, салмағы 54 кг. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулығы жағдайы жақсы. Дәрігердің қойған диагнозы- «Вазом реншит». Көзінің көру жүйесі -«1,0», ұсынылатын ем- ІІ дәрежелі.
Эльдардың анасы Ақтанбаева Раушан Ұлан ауданында «Жұмыспен қамту» орталығында жұмыс істейді. Әкесі Ақтанбаев Манар жұмыссыз. Отбасында екі бала. Эльдардан кіші екінші сыныпта оқитын қарындасы Анель бар.
Эльдар көбінесе ән айту жағына бейімді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Эльдар сынып әкімі болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепте болған «Жігіттің сұлтанына» қатысып, «Толғанай» әнімен, өзінің сегіз қырлы, бір сырлылығымен көзге түсіп «Бірінші» орынды жеңіп алды. Жеңіс күніне арналған шеруде ардагерлерге арнап ән айтты, взвод командирі болып оқушыларды бастап жүрді. Мектептегі «Өнерлі бала» атағына ие болып, алғыс ретінде мектеп соңғы бір аптадағы сабақтардан босатты.

Бұл үлгісі өзіңіз осыған ұқсатып жасап аласыз.
...