Күрделі сұрақ екен. Бұл сөздің түбірі - мен. Соңындағы 'мен' - көмектес септік жалғауы. Арасындағы 'і' не екенін анықтау керек. Қандай жалғау?
Табыс септігінің жалғауы десек, одан кейін көмектес септік жалғауы келіп тұр. Яғни, ол емес.
Меніңше, бұл - тәуелдік жалғауы. Себебі сенмен деп тікелей жалғай алмаймыз. Сондықтан сөз алдымен тәуелденеді, кейін септеледі. Ондай сөздер көп. Мыс: түнімен, күнімен, теңімен(теңмен емес), шынымен(шынмен емес), өңімен, т.б.