0 дауыс
2.5k көрілді
жұқа қабырғалы массасы 5 г резеңке шар гелиймен толтырылған және көлге һ=1 м тереңдікте батырылған. егер шар осы тереңдікте тепе - теңдік күйде болса, гелийдің массасын табыңдар.  қысым p=760 мм. сын. бағ. өзеннің түбіндегі температура 4 градус. резеңкеде пайда болатын серпімділік күшін ескермеңдер.  қандай формуламен шығарады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тепе-теңдікте тұр,  яғни, ауырлық күші мен Архимед күші тең. 

(m(0)+ m) g = ρ(су) * g * V(дене)

Идеал газ үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуі:

pV(гелий) = mRT/M

Осы 2 теңдеуде V(дене) мен V(гелий) теңестіріп, гелий массасын табуға болады. Себебі шар жұқа қабырғалы болғандықтан, гелий мен дене көлемдерін тең етіп алса болады.

* m - гелий массасы, m(0) - резеңке шар массасы

Рахмет)))
Белгісіз
...