+2 дауыс
11.8k көрілді
Баланың салған суретінен оның жан айқайын, жан дүниесінде орын алып жатқан өзгерісті байқауға бола ма?! Болса қалай?! Сіздер маған көмектесесіздер деген ойдамын. Ата -әжем ауылда, ата-анам жұмыстан босамайды.Балаларға мен бас-көз болам көбінесе. Бір айдан бері үшеуін де бақылап жүрмін. Салған суреттерін айтам. Қызық! Ақ параққа салынған мынандай суреттер:Отбасымыз салынған суретте анасын ғана жасылмен бояп қояды, Бала кейде өзін шетке салып қояды, ал бір суретте мені салмай ұмытып кетеді, ата-ананың суретін жасылмен бояп, өзін ортасына салып қояды, бір суретінде өзін үлкен етіп, ата анасын кішкентай етіп салып қойған. Ал біреуі атамнын қолын ұзын етіп салыпты. Айта берсем көп енді. Осы суреттерден не анықтауға болады? Балалардың жан дүниесінде не болып жатыр? Байқасаңыз , жаза отырыңыз!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
«Отбасының  суреті» - психологтардың мектепке дейінгі балалармен жұмыстарында қолданатын  ең танымал әдісі.  Аталмыш әдіс эмоциялық мәселелер мен отбасылық қарым-қатынастағы қиыншылықтарға бағытталған.  Балалар сөзбен айтып жеткізу қиын болған нәрсені суретпен білдіру мүмкін.

Суретте бейнеленген адамның көлемі   баланың ішкі дүниесінде сол адамның қаншалықты орын алатынымен тікелей байланысты.

Суретте бейнеленген кейіпкерлердің арасындағы арақашықтық  психологиялық  арақашықтықпен байланысты.  Балаға бәрінен де кім жақын, соны ол суретте өзінің қасына салады.

Сурет біткеннен кейін одан суреттегі кім екенін сұрау керек. Мүмкін, сізді тосын жәйіт күтіп тұрған шығар. Сіз ата деп ойлаған кейіпкеріңіз кәдімгі ата емес, Аяз ата болып қалады. Ойдан шығарылған кейіпкерлер баланың  не нәрсеге мұқтаж екенін және өз қиялында неге қол жеткізгісі келетінін көрсетеді.  Осындай кейіпкерлерге міндетті түрде көңіл бөлу керек және ол туралы анықтап сұрау керек. Әңгімелесу барысында сіз балаңызға н/е қызыңызға шын өмірде не керек екенін түсініп аласыз.

Суретте салынбай қалған кейіпкерлерге де назар аударыңыз. Сізде мынадай ойлар болмауы керек: «Інімді салуға ұмытып кетіппін», ал «папамды салатын орын болмады».  Дұрысында інісі қызғаныш шақырады, ал папасымен эмоционалдық байланыс жоқ, ол баланың әлемінде мүлде жоқ сияқты. Кейде суретте автордың өзі болмауы мүмкін. Онда ол жағдай «бұл баланың жақын адамдарға өз ойын білдіріуінде қиындық жоқ па?» деп ойлануымызға  себеп болып тұр. Егер сана-сезімінің «дыбысын тыңдасақ», ол шамамен былай көрінеді:  «Мені ешкім байқамайды» н/е «Маған бұл жерде орын жоқ».
+2 дауыс
Көркем қыз! ) Балалар кәсіби суретші емес, ыңғайы қалай келсе, солай етіп сурет сала береді.
0 дауыс
сұрақ 5 СЫНЫПТА ОҚИТЫН ОҚУШЫ АДАМ БЕЙНЕСІНЕ ҰҚСАС ҚҰБЫЖЫҚ СИЯҚТЫ СҮРЕТТЕР САЛҒАН ПӘН ДӘПТЕРІНІҢ БАР БЕТІНДЕ СОЛАЙ САЛҒАН ТІСТЕРІ АҚСИҒАН, КӨЗДЕРІ ҰСҚЫНСЫЗ ДАУ, ТІКІРЕЙГЕН ҚҰЛАҚТАР ШИМАИЛАНҒАН СЫЗЫҚТАР ДЕНЕ ТОЛЫҚ САЛМАҒАН КӨБІНДЕ БАСЫ ҒАНА ОНЫ ҚАЛАЙ ТАЛДАУҒА БОЛАДЫ
0 дауыс
Кішкентай баланың салған суретінен көп нәрсе білуге болады. Бала алдымен не саламын деп қиялдайды емеспе?!...Мысалы бала отбасының суретін салса бұл бәрімізге түсінікті ал құбыжықтың суретін салса мульфильмнен немесе түсінде көрген болар?!

Ұқсас сұрақтар

...