Баланың салған суретінен оның жан айқайын, жан дүниесінде орын алып жатқан өзгерісті байқауға бола ма?! Болса қалай?! Сіздер маған көмектесесіздер деген ойдамын. Ата -әжем ауылда, ата-анам жұмыстан босамайды.Балаларға мен бас-көз болам көбінесе. Бір айдан бері үшеуін де бақылап жүрмін. Салған суреттерін айтам. Қызық! Ақ параққа салынған мынандай суреттер:Отбасымыз салынған суретте анасын ғана жасылмен бояп қояды, Бала кейде өзін шетке салып қояды, ал бір суретте мені салмай ұмытып кетеді, ата-ананың суретін жасылмен бояп, өзін ортасына салып қояды, бір суретінде өзін үлкен етіп, ата анасын кішкентай етіп салып қойған. Ал біреуі атамнын қолын ұзын етіп салыпты. Айта берсем көп енді. Осы суреттерден не анықтауға болады? Балалардың жан дүниесінде не болып жатыр? Байқасаңыз , жаза отырыңыз!