+1 дауыс
524 көрілді

Жас кезіңіздегі қызықты ойларыңыз немесе қазір күлкіңіз келетін қылықтарыңыз? Мысалы менің нағашым жас кезінде "Біз құмырсқалар үшін құдай сияқты көрінетін шығармыз, дәәәуміз ғой өйткені" дейді екен. Ал мен жасымды сұрағандарға  екі саусақтың арасындағы бас бармағымды көрсетеді екенмін. Балалық шағыңыз несімен қызықты сізге?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қызық..нағашыңның сөзін мен де айтып өскенмін..

Балалық шақ - арайлап атқан әр таң мен қызарып батқан күн арасында,сергелдең тіршіліктің бір бөлшегіне айналған өмір атты керуеннің жолаушыларын бақытқа бөлеген ұмытылмас сәт.Балалық шақ әр адамға бір қызықты сыйлары сөзсіз.Кішкентай кезімде бір тақпақ жаттап алған екенмін..қазір оны айтуға ұяламын.Сол тақпақты айтып ылғи үш теңге алады екенмін.Біз жақта бір дүкен бар еді.Егесі бір ата еді.Таң атпай үш теңгемді алып дүкенге барып тұрып алады екенмін.Әлгі ата мен үшін ғана ерте оянып,дүкенді ашып отыратынды әдет еткен.Анам дәрігер.Ылғи онымен науқастарға бірге баратынмын.Сонда кімнің үйіне барсам,бірінші нан берші дейді екенмін.Анама неге оған нан бермейсіңдерма үйлеріңде деп айтып,күледі екен.Кішкентайымда бәрі үлкен кісілер мені үйлеріне келеді деп нан дайындап отырады екен.

Қимас балалықтың мұндай қызығы толассыз...

+1 дауыс

Үйдегілер маған тентек болған кезімде: "Неге тентексің сен?"-деген кезде, мен оларға: "Ал сендер онда пысықсыңдар" -  дейді екенмін.

+1 дауыс

Мурынбогмды жеитн едм:-):-):-):-)

0 дауыс

Кішкентай кезімізде көп нәрселерді ажыратып-айыра алмағаным, толық түсіне алмаған, қате түсінген кездерім есіме күлгім келеді. Жас баланың миы бәрін бірден қабылдап кете алмайды. Уақыт өте келе, есейе, ержете келе бәрін ұғады екенбіз. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 4.05.2014 Мектеп сұрақ қойды
+1 дауыс
2 жауап
...