+1 дауыс
17.1k көрілді
Ніл өзені туралы рефератты қайдан алсам болады ?

2 жауап

+1 дауыс
Ніл (лат. Nіlus , гр. Neіlos ) – Африкадағы және дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км, алабының аумағы 2870 мың км2. Орташа су шығыны Асуан маңында 2600 м3/с (әр жылдары 500 м3/с-тан – 15000 м3/с-қа дейін ауытқиды). Шығыс Африка таулы үстіртінен 2000 м-ден астам биіктікте басталып, Жерорта теңізіне атырау жасап құяды. Ніл Рукарара өзені болып басталып, Кагера өзені арқылы Виктория көлінеқұйып, одан Виктория – Ніл деген атпен ағып шығады. Альберт көлінен кейін Альберт – Ніл, Асуа саласы қосылған жерде Бахр-әл-Жебел, Бахр-әл-Газал қосылғаннан кейін Ақ Ніл (Бахр-әл-Әбияд) деп аталады. Хартум қаласының тұсында Ақ Нілге Көгілдір Ніл қосылады да, сағасына дейін Ніл деп аталады. Жоғарғы бөлігінде ағысы қатты, арнасы шоңғалды және көптеген суқұламалар жасайды. Ең ірісі – Мерчисон сарқырамасы (биікт. 40 м). Таулы үстірттен шыққаннан кейін өзен аса кең, жайпақ қазаншұңқырды басып ағады. Ағысы баяулайды, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Аңғарында кристалл тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар пайда болған (Хартум мен Асуанның арасында 6 шоңғал бар). Көгілдір Ніл алабында жаңбыр жазда мол жауады. Сондықтан Ніл төмен ағысында жаздағы су шығыны сабасына түскен кездегіден 5 есе асып түседі. Ніл аңғары адамзаттың ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға, кеме қатынасына, халықты сумен қамтамасыз етуге, балық аулауға пайдаланылып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97%-ы тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған (ең ірісі – Асуан СЭС-і). Кеме жүзетін су жолының ұзындығы 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартум, Асуан, Каир, атырауында Александрия қалалары орналасқан.[1]
0 дауыс
Ніл өзенінің суы

Хазірет Омардың “радиаллаһу анһ” заманында Мысырдың халқы әмірлері болған хазірет Амр бин Асқа келіп:

“Ніл өзенінің бір әдеті бар. Бұл әдеті орындалмаса, суы тартылып қалады. Осы айдан 12 күн өткеннен кейін, бір қыз табамыз. Жанұясына ақша беріп разылығын алып, ол қызды әдемілеп, сәндеп Ніл өзеніне лақтырамыз” дейді.

Амр бин Ас: “Ислам бұрынғы бұрыс әдеттерді жойған” деп қабылетпейді. Осыдан 3 ай өтіп Ніл өзенінің суы халықтың айтқанындай тартылып қалады. Ніл өзенінің айналасындағы Мысыр халқы көше бастайды. Бұл жағдайды көрген Амр бин Ас хат жазып, жағдайды хазіретіОмарға баяндайды. Хазіреті Омар хатты оқып былай деп жауап береді:

«Олардың әдеттерін орындамағаның дұрыс болған. Хаттың ішіндегі қағазды Ніл өзеніне таста.»

Хаттың ішіндегі қағазда былай деп жазылған еді: «Аллаһтың құлы Омар бин Хаттабтан Ніл өзеніне! Егер бұдан бұрын өзім ағып тұрған едім деп ойласаң, ақпа! Егер де сені жалғыз және қаһһар болған Аллаһу та’ала ағызған болса жалғыз және қаһһар болған Аллаһу та’аладан сені ағызуы үшін дұға етемін, ағызуын сұраймын...»

Амр бин Ас ол қағазды Ніл өзеніне тастайды. Ертеңіне су аға бастайды және бұдан кейін еш тоқтамайды.
Нил озенин режиминин климатка байланыстылыгы
...