0 дауыс
3.8k көрілді
Атқан таңнан дидарың жаралғандай Перизат.
Таң шабағы көзіңнең таралғандай алтын айдай Перизат.
Тісте мұрын қиғаш қас күміс маңдай Перизат
Гаухар тастан тістерің қаланғандай алтын айдай Перизат

Қайырмасы 2 рет:

Жәудіреген көзіңнен
нұр ойнаған жүзіңнен
Мінезіңе жарасқан, айналайын сөзіңнен

Иран бақтың гүліннен нәр алдың ба Перизат
Қор қызыннан қарағым ән алдың ба алтын айдай Перизат
Біз көргеннің ішіндей теңгесі жоқ Перизат
Періштенің өзінен жаралдың ба алтын айдай Перизат

Қайырмасы 2 рет:

Жәудіреген көзіңнен
нұр ойнаған жүзіңнен
мінезіңе жарасқан, айналайын сөзіңнен

Маңайыңа батыр жан баралмайды-ай Перизат
Тал мойыннан жалғыз мін табылмайды алтын айдай Перизат
Пісіп тұрған мәуесі бал-бақшасың Перизат
Қандай адам саяңды аялайды алтын айдай Перизат

Қайырмасы 2 рет:

Жәудіреген көзіңнен
нұр ойнаған жүзіңнен
мінезіңе жарасқан, айналайын сөзіңнен

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
http://rghost.ru/41752051  Жгіттер квартеті  - Перизат

осы жерден жүктей аласын.
0 дауыс
Жігіттер квартеті-перизат
0 дауыс
Сосын Еркін Нұржановпен ұстазы Әбдіхан Нұрмағанбетов және бір группа қосылып орындайтын бар. Ori-kuan.kz сайтында Еркін Нұржанов-Перизат деп іздесең табасың.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
13 жауап
Белгісіз 6.03.2014 Қазақша ән сұрақ қойды
...