Қараймын көкжиекке күнде тұрып, Артыңда анам келе жатқандайын деген жолдары бар әнді кім айтады? [жабық]

0 дауыс
3.8k қаралым
"Жүгірем ит үргенде түнде тысқа. Анамды сағынғанда сені ойлап, Өткізем алаңдауменкүнді қысқа. Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың, Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.Қараймын көкжиекке күнде тұрып, Артыңда анам келе жатқандайын." деген жолдары бар оленнің атын және ким айтатынын тауып беріңіздерші
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап алынды
Қазақша ән

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Нағашыма                                                                                                                                           

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,
Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.
Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,
Ардақты анашымның туысы деп.
Аяулы інісі деп ақ мамамның,
Сырымды саған ғана ақтарамын.
Кейде бір келіп қайтсаң, жолың түсіп,
Марқайып, мақтанамын, шаттанамын.
Бейнеңнен бір ұқсастық тапсам таныс,
Байқатпай қарай берем қалып тәріз.
Анамның қымбат жүзі түседі еске,
Көңілімнің түкпірінде жатқан алыс.
Жол қарап, келер деумен күз бе, қыс па,
Жүгірем ит үргенде түнде тысқа.
Анамды сағынғанда сені ойлап,
Өткізем алаңдаумен күнді қысқа.
Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,
Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.
Қараймын көкжиекке күнде тұрып,
Артыңда анам келе жатқандайын.
0 дауыс

Клара Төленбаева - Нағашыма

https://bisyor.fm/153417-klara-tlenbaeva-nagashyma.html

127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы