+1 дауыс
320 көрілді

Астана интернет форум 2013 қашан өтеді? Астана қаласында бұл интернет форум өтуіне кім мұрындық болмақ. Биыл 2 мәрте ұйымдастырылып жатыр деген ақпаратты оқып қалдым, толық ақпаратты берсеңіздер.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Алғашқы «Астана интернет форумы» — 2012 жылы 22-23 желтоқсанында Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мінбер» ҚҚ, «Kazakh Times» жаңа технологиялар орталығы, ГеоГебра институты, «Викибілім» және «Болашақ» қауымдастықтарының ұйымдастыруымен өткен болатын. Форумға ІТ мамандары, блоггерлер мен сайт құрастырушылар, редакторлар мен журналистер, студенттер мен мұғалімдер қатысып, «Ақпараттық қауіпсіздік», «Білім саласындағы интернет» «Бұлтты технологиялар», және «Ғаламтордағы аудармашы сайттар» тақырыптарын қозғаған болатын. Жалпы саны 150 шамасындағы қатысушылар қатарында Ерлан Қарин, Мұрат Әбенов т.б. қатысып, мұндай форумның ұйымдастырылуы қазіргі қазақ ғаламторын қалыптастырушы орта үшін өте пайдалы екенін, жан жақтан келген жас мамандардың біліктіліктерін іс тәжірибе алмасу арқылы жетілдіре түсетінін тілге тиек еткен болатын.
Биыл «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-ші желтоқсан 2013 жылы «Астана интернет форумы» Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді деп жоспарлануда. Жобаға шамамен 150-200 адам келеді деп күтілуде. Елімізге танымал IT мамандары, жаңа медиа журналисттері, блогшылар және сайт жасаушылар спикер ретінде шақырылып отыр.
Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты — қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету.
Форум барысында елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы — «Қазнет Дода» байқауының марапаттау рәсімі өтеді. ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы «Ұлттық Интернет Ассоциациясының» жыл сайынғы өткізілетін конкурстық жобасы болып табылады және ҚазНеттегі ана тіліміздегі үздік сайттарға, сайт жасаушыларға және Интернет пайдаланушыларға беріледі.
Форумда — қазақ сайттары көрмесі өтеді деп күтілуде.
Форумға қатысу міндетті түрде тіркелу негізінде болады.
Тіркелудің соңғы күні 05.12.2013
Байланыс: 8 778 265 20 86 (Данияр Алан)
[email protected]
АИФ сайты: iforum.kz
ҚазнетДода сайты: kaznetdoda.kz

...