0 дауыс
9.4k көрілді
Темекі тақырыбына байланысты оны шекпеу туралы өлең шумақтары, тақпақтар керек?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қайталанған сұрақ екен https://surak.baribar.kz/224534/ осы жердегі мына өлен шумақтары жақсы жазылыпты!

Темекіні бочуктетіп бастағанбыз
Ол кездері дым көрмеген жас баламыз
Кеш батқанша вокзал алдын аңдушы едік
Әркімдердің темекіні тастағанын
Жерде жатса темекіге жүгіреміз
Оны қуысқа апарып үрдіреміз
Түтін шықса аузымыздан мәз-мейрам боп
Сорақысы жас өкпені бүлдіреміз
Көбінесе әке-шеше байқамайды
Темекі шегеді деп айта алмайды
Темекі иісі шығып үйге барған күні
3 сағат таяақпен ұрып айқайлайды
Балалықпен өтті нәрсе небір қалай?!
Көз ілеспей сол бір нәрселер кетті қалай?
Сол шылымға әуес болған қайран біз-ай
Енді міне темекіні тастай алмай жүрміз қалай?!
Көбісінің ойында бар шылым қою
Ол пәленің қиын екен күшін жою
Өкпеде не боп жатыр білмейміз-ау?!
Айқыш-ұйқыш түскен шығар небір ою!
Әй жастарым бұл пәлеге жоламаңдар
Жетісіп жүр дейсіңдерме жолағандар
Жамандыққа әуес болмай сабақ оқып
Білім қуып өрге қарай домалаңдар!

Бауыржан Тұрабаев

 

...