Гастритті емдеуге байланысты "Алтын босаға" газетінің 2013ж №23 санында жарық көрген мақалада былай келтірілген: Ол үшін алдымен ащы,қышқыл,қақталған,ысталған тағамдарды,газдалған сусындарды ішіп-жеуді тоқтату керек. Негізінен жеміс шырындары,көкөніс пен жемістердің езбелері,буға пісірілген көкөністер,ботқаларды көбірек қолдану керек.Күнде таңертең 1 стакан қайнаған суға 1 қасық бал салып,аш қарынға ішкен дұрыс,ал кешкі ас алдында 1 стакан қырыққабат сөлін ішіп отыру керек. Асқазанда қышқыл көбейіп кеткенде итбүлдірген(брусника) мен құлпынайды (клубника) қайнаған суда тұндырып ішкен пайдалы екен. Аталған дәрілік шөптерден дайындап ішілген шайдың дертке шипа екені айтылған. Бұл шөптерді дәріханалардан таба аласыз.