Заң | 2.3k қаралды
Теміржол билетін, неше күн қалғанда қайтарсаң ақшаңды толықтай қайтарып береді?

2 жауап

Бұл сұраққа жауап мына жерде жауап жазылыпты. 

Немесе ҚТЖ сайтында көрсетілген ақпарат:

6. Сатып алынған билеттерден бас тарту

37. Жолаушы сапар шегуден бас тартқан кезде, билет кассасында міндетті түрде алдын – ала басып шығарылған жол жүру құжатын қайтарудан басталады. Темір жол билетін қайтару кезінде жеке басын куәландыратын құжат (немесе паспорт) болуы тиіс. Билет құнын қайтарып алу үшін билет кассасына басып шығарылған жол жүру құжатын тапсыру керек. Жол жүру құжатын билет кассирі алып, жолаушы қолына орынның қайтарылып берілгені жөнінде қосымша құжат беріледі. «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ хабарласпай-ақ төлемді банк карточкасына қайтарылу. 
Жол жүру құжатының төлемақысы автоматты түрде аударылатын банк карточкасына осы төлемақының кері қайтарылуы жолаушылар «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ хабарласпай - ақ 5 жұмыс күн көлемінде жүзеге асады. 
Жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктерді Қазақстан Республикасының (2004 жылғы 18 наурыздан бастап № 122-1 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрінің бекітілген бұйрығы) 
тасымалдау ережесіне сәйкес қолданылмаған жол жүру құжатын (билеттерді) кассаға қайтару кезінде жолаушы кері ала алады: 
- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешікпей – жол жүру құжатының толық бағасын; 
- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағат ішінде, бірақ 6 сағаттан кешікпей– билет құнын және плацкарт құнын 50 пайызын; 
- пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағат ішінде және пойыз жіберілгеннен кейін 3 сағаттан кешікпей – билет құнын, бірақ плацкарт бағасы ұсталады. 
- Жол жүру құжатын (билетін) қайтару кезінде билет құнының қайтарылғандығы туралы қалта телефонына SMS хабарлама түрінде келмейді. Баланстың түскендігін банкомат арқылы тексеру қажет немесе жол жүру құжатын (билетін) сатып алу мерзімі бойынша есеп шоттан (банктік, төлем карточкасынан) көшірме қағаз алуы тиіс. Ақшаны қайтару бойынша 600-238 телефонына хабарласыңыз.

Мына жерде жазылыпты. 

Жақсы Жауап
Онысын билмеймин..бирак пойыздын журуине 5 минут калганга шейн алады,бирак устиндеги акшанды алып калады...
121,440 сұрақ
310,453 жауап
153,256 пікір
69,635 қолданушы