0 дауыс
9.4k көрілді
Біз химия пәнін не үшін оқимыз.Болашақта бізге атомның,молекуланың не керегі бар: Факт тауып бересіздер ме:

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

     Көптің көкейінде жүрген сұрақ... Химияның негіздерін әрбір адам білуі керек деп ойлаймын. Себебі, адамзатының өмірі химиямен тікелей байланысты.

       Біріншіден, адам организмі. Адам организмінде химиялық элементтердің атқаратын қызметі өте жоғары. Мысалы, адам сүйегінің құрамында кальцийдің белгілі бір мөлшері бар. Егер сүйек құрамындағы кальций мөлшері азайып қалса, онда сүйектер жұмсарып кетеді. Ал адам денесін ұстап тұрған сүйек екенін барлығымыз да білеміз. Сондықтан организмдегі элементтер мөлшерін бір қалыпта ұстап отыру қажет. Мұны химиялық білімі бар адам жақсы біледі.

    Екіншіден, медицина. Дәрі-дәрмектердің барлығы - химиялық қосылыстар. Дәрі-дәрмектерді химик жасайды. 

        Үшіншіден, күнделікті өмірде қолданып жүрген заттар сабын, сода, сусабын, ыдыс жууға арналған заттар. Мұның барлығын да химиялық қосылыстардан тұрады.

 Төртіншіден, тамақ өнеркәсібіндегі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыста (шыны терезелер, бояулар, цемент, әк т.б.), техника өнеркәсібіндегі таңғажайыптар химияның арқасында. 

    Сонымен қатар, жаңбыр, қар, атмосфера, биосфера, гидросфера, литосфера қабаттарында да химиялық қосылыстар, химиялық құбылыстар. 

   Міне, осының барлығы химиялық элементтерден, химиялық қосылыстардан, химиялық құбылыстардан тұратындықтан химия пәні оқытылады. Әрбір адам не жеп, не ішіп, не киіп, не қолданып жүргенін, сол заттардың денсаулығына пайдасы мен зиянын білуі керек. Сол үшін химия пәні оқытылады. 

     Мектептегі химия пәні химия ғылымының кішігірім кіріспесі. Ғылым мен техниканы дамытуда химия, физика, биология және математика ғылымдарының алатын орны ерекше.

     Егер, оқушы химия пәнінің не үшін оқытылатынын, химиялық білім не үшін керек екенін білмесе, ол химия пәні мұғалімінің өз ісіне салғырттығы деп ойлаймын. Себебі, мұғалім тек атом мен молекуланы, элементтерді ғана айтпай, олардың өмірмен байланысын, өмірде сол білімді қай жерде, қалай қолдануға болатындығын түсіндіруі керек.

+4 дауыс

Ыыы химияны қойш математиканы айтсайш синус, косинус, тангенс (төртіншісін ұмытып отырмын ))) олар неге керек кім шығарған ? 

Төртіншісі котангенс
Ахаха приколғо))) До того топас емеспін ондай. Тек неге керек екен солар ? Алу қосу дегендерді білсек болды емес пе ?
мммм                    !
Мен де соны түсінбеймін. Өмірде ешқашанда қолданбайтын шығарсын. Бірақта білімнің артығы жоқ қо!
4-шісі КАТАНГЕНС)))Менде ойлаймын неге керегі бар дейм да 4 амалды білсен болды емеспе санау білсен!
Не дейін өтті  ) Бұтаққа да керек емес олар, 4 амалды білсең болды.
+1 дауыс
"Химия қиын,ашиды миың,ашыса миың,апайыңа сыйын"
+3 дауыс
Химия панiн не ушiн окимыз? Жауап:Бiлiм барiне ортак болган сон химия окытылады! Мысалы бiр мектептен 100 баладай бiтiрiп шыкса сонын 1-2 гана химия панiн тандап химик болуы мумкин! Егер сол химия окытылмаса мына колданып жаткан сабын сода шампунь хлор тагы да баска химиялык заттарды жасап жатыр химияны бiлмеген адам калай жасайды! Бул заттарды кiмдер жасап жатыр арине шетелдiктер ягни шетелде химия жаксы колга алынып отiледi деген соз! Егер бiзде де химия панiне салгырттык танытпай мектепте де оку орындарында жаксылап окытса тек кана гылыми кiтап жазбай болашаак галымдарымыз адам омiрiне кажеттi бiр нарсе жасап шыгуы мумкiн! Ендi математика айтар болсак арине кейбiр есептер бар сиякты корiнедi керексиз ягни жанагы синус косинус тангенс катангенс дегендер сиякты! Онын да бир кажетi болу керек мысалы тригонометриялык тендеулердi аскерде карта сызганда олшегенде нысанды есептегенде кажет екен! Ал калган есептер кажет болмаган жагдайда да адамнын миын дамытып терен ойлауга кажет нарселер!
0 дауыс
Болашақта Қазақ елін дамыту үшін......
+1 дауыс

Бізге ағайымыз былай түсіндірген:Сендердің ішіп жүрген,қолданып жүрген тұрмыстық заттарынның бәрі ХИМИЯ дейді да,химия дегені химиялық зат дегені шағыр!Себебі кейбір тағамда жазулы тұрады ғой марганец анау мынау деп химиялық сөздер соларды білуіміз керек!Сол үшін оқу керек!

0 дауыс
Құрметті достар!!! Мұның барлығы білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады деген мағынада деп түсіну керек. Қазақ жастары жан-жақты сауатты болу керек емеспе?

Ұқсас сұрақтар

...