+1 дауыс
1.2k көрілді
Үйдегі үлкен ағаларым айтып жатады мен сотка,компта ойын ойнап отырсамбіз бұрындары асық ойнайтың едік азаннан кешке дейін,ал қазір асық ойнап жатқан бір баланы көрмейміз дейді!

НЕГЕ?

Шынымен мен асық ойнап жүрген балаларды сирек көретін едім бұрындары қазір мүлдем көрмеймін!

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен бұрындары асық ойнайтын едім... "Мектепте үзіліс кезінде ойнауға болмайды" деседе қоймай мектепке асық апарып ойнайтынбыз image. Кейбір кездері "Асық - ұлттық ойын" деп ойнауға рұқсат еткен кездері болды.

Ал, қазір ше?! Қазір шынымды айтсам менде асықтың бетін көрмей жүрмін. Балалардың барлығының ойы "ұялы телефон, планшет, компьютерге" ауып кеткен. Қазір оларға асықтан гөрі компьютер маңызды.

Ал өзіме келсем: қазіргі кезде өзім ойнамасамда келешекте "балам ойнасын" деп көрген асықтарымды бір жерге буып-түйіп жинап жүрмін image

Жарайсың, негізі достармен жиналғанда футбол ғана ойнап қоймай, асық та ойнауға болады, бұл да адамның демалып қалуына көп септігін тигізеді.
Белгісіз
–2 дауыс
ауылда ойнайтын шығар. осы сұрақты өз-өзіңе қойшиш әуелі. Ойнағың келсе, үлкендерден асық сұра. Әйтпесе, бәрін заманға жауып, адамдар өзгермегендей жүрк қой.
0 дауыс
Қазір жаңа технологиялар кезеңі. Қазір адам баласы қозғалысы азайған. Барлық ойындарды, тіпті асықты да компьютермен немесе планшетпен ойнауға болады. Меніңше асық қызық ойын емес. Бұрын компьютер болмағандықтан асық ойнаған шығар. Зерікпеу үшін. Қазір асықты ешкім ойнамайды. Өлдім дегенде ПЕС немесе ФИФа, контр страйк ойнайды.
0 дауыс

Бұрын кішкентай бала кезімізде көшеде асық, футбол, ләңгі т.б. ойындар ойнайтынбыз, қазір бұлардың біреуі де жоқ, футболды арнайы жиналып ойнайтындар бар, бірақ көпшілігі емес, қазір ол заман өтті, технология адам танымастай дамып кетті, адамдарды жаулап алды.

+1 дауыс
Заманына қарай адамы. Бұған ешкім кінәлі емес. Қазір, технология дамыған, барлық жағдай жасалған. Үйде ойын ойнағың келсе, компьютер немесе сотка бар, ойыннан жалықсаң қызықты сайттар н/е теледидар бар. Осындай жағдайлардан кейін кім көшеге шығып асық ойнағысы келеді?! Біз де асық түгілі футболды да ойнамайтын болған. Тіпті, көшеден адам іздесең таппайтын кездерде болып тұрады. Осындай кездерде өз балалық шағымды сағынамын, біздің балалық шағымыз көшеде өтті ғой, 5-сыныпқа дейін асық сияқты ойындарды ойнадық, 10-сыныпқа дейін шаң-шаң аяқпен футбол ойнадық, ал қазір үйде абақтыға қамалған адам сияқты қамалып отырамыз, сабаққа ғана барамыз. Барлығымыздың ауруымыз компьютер, интернет, сотка осы аурулардың емі жоқ қазірше, өкінішті.
...