Заманына қарай адамы. Бұған ешкім кінәлі емес. Қазір, технология дамыған, барлық жағдай жасалған. Үйде ойын ойнағың келсе, компьютер немесе сотка бар, ойыннан жалықсаң қызықты сайттар н/е теледидар бар. Осындай жағдайлардан кейін кім көшеге шығып асық ойнағысы келеді?! Біз де асық түгілі футболды да ойнамайтын болған. Тіпті, көшеден адам іздесең таппайтын кездерде болып тұрады. Осындай кездерде өз балалық шағымды сағынамын, біздің балалық шағымыз көшеде өтті ғой, 5-сыныпқа дейін асық сияқты ойындарды ойнадық, 10-сыныпқа дейін шаң-шаң аяқпен футбол ойнадық, ал қазір үйде абақтыға қамалған адам сияқты қамалып отырамыз, сабаққа ғана барамыз. Барлығымыздың ауруымыз компьютер, интернет, сотка осы аурулардың емі жоқ қазірше, өкінішті.