0 дауыс
7.1k көрілді
Натрий сульфатының кристаллогидратын Мираблит немесе Глаубер тұзы деп атайды. Мираблит деген сөз "Ғажайып, керемет!"  (лат) деген мағынаны береді екен, бұлай деп аталуының себебі неде?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Себебі осы Глаубер тұзы(Na2SO4*10H2O) сол тұзды ашқан неміс химигі Иоганн Рудольф Глауберді "Бөрітпе сүзек" ауруынан айықтырған. Неаполис қаласында жүріп ауруын асқындырып алады, өзінің жазып қалдырғаны бойынша асқазаны ас қабылдамай, қызуы көтеріп аурудан қиыналған сәті, жергілікті тұрғындардың кеңесі бойынша, қаладан бір сағаттық жерде таудың емдік суы бар, содан ішсең тамаққа тәбетін ашылатын көрінеді. Сол судан барып су ішеді, нан жейді тәбеті ашылады, судың құрамын зерттеп осы тұзды кездестірген. Содан "Ғажайып тұз" атанған.

 

Мирабилит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 

 

Мирабилит минералы

Мирабилит, глаубер тұзы (лат. mіrabіlіs – ғажап) – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: Na2SO4*10H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Жеке кристалдары призма, баған, қалақша, ине тәрізді. Кристалдық агрегаттары ұсақ түйірлі, топырақ секілді масса, сталактит түрінде кездеседі. Мирабилит мөлдір, түссіз, сұр, ақ, көгілдір, сарғыш болып келеді. Шыныдай жылтыр. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1,5 – 2, тығыздығы 1480 кг/м3. Дәмі күйдіргі ащы], құрғақ ауада ақ ұнтаққа, кейін тенардитке айналады. Ол тенардит, гипс, галитпен бірге кездеседі. Мирабилит сода өндіруге, шыны мен бояудың кейбір түрлерін, медицина мен ветеринария дәрі - дәрмектерін жасауда қолданылады. Қазақстанда Солтүстік Каспий, Арал теңізі маңындағы, Теңіз бен Сарыарқадағы кейбір тұзды көлдерде кездеседі.
...