0 дауыс
4.3k көрілді
"шайқы" деген қандай мағына береді?

3 жауап

0 дауыс
1. Арабтардың ру басы, ақсақалы, діни қауым басшысы.

2. Диуана, әпенді
–1 дауыс
меніңше жүктеу (скачат) деген мағынаны береді
+1 дауыс

Жастау кезімде бойымда бір қылжақ, біреуді сықаққа айналдыру сияқты мінез болды. Біреудің қылығы жақпаса, қызық көрінсе соны салып күлкіге айналдыра бастайтынмын. Сонда әжем марқұм:

   -" Не көрінді,шайқыланбай отыр, ұят болар"-деп ұрысатын. Сонда осы шайқыланба дегені не сөз деп көп ойланатынмын. Қазақта бір "сайқымазақ"-деген сөз бар, кәдігімгі колундарды да солай атайтынымыз бар емес пе? Демек қазақшасы Күлдіргі, күлдіргіш, күлдіруші (шуть, балағур, насмешник) дегендерге келе ма қалай? Қайсысының қайсысынан шыққанын қайдам осы Сайқы мен Шайқы сөздерінің түп төркіні бір болар деймін. Бала кезімде ауылымызда жүрген жерінің бәрін әзілге бөлеп жүретін Шайқы Шері (қызық сол кісінің аты Шайқы ма болмаса Шері ме екен, қайсысы қосымшасы, қайсысы аты екенін білмейді екенмін) деген кісі болатын.  Осыларға қарасам Шайқы сөзі адам атына қосарланып әзілкеш, қылжақбас, қалжыңқой деген сөздердің баламасы болады ма деймін.

Аман болыңыз ағасы. Шаршамаңыз, өзіңіздің әдеп, сал-дәртүр, көнерген сөздер туралы толық түсінікті етіп жазған ақпараттарыңызды оқып бір қуанып қаламын. Жастарға ақылыңызды айтудан жалықпайсыз. Сізге үлкен рахмет.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 20.09.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
...