+1 дауыс
22.9k көрілді
Қандай адамды "жақсы адам" және "жаман адам"деп айта аламыз?
сенен баска бул омирде жаксы адам жок

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Адам-деген Аллатағаламның керемет туындысы. Орыстарда бір мақал бар, қазақшаға шамалап аударғанда (онша шықпаса кешірім сұраймын), " Адамды тану үшін бір пұд тұз жеу керек" - деген. Мағанасы адамды түсіну өте қиын дүние дегенге келеді. Мына өмірде қанша адам болса соншама мінез, болмыс, пиғыл, түсінік, болжам  бар. Сондықтанда адамды жақсы, жаман деп айту өте қиын болар. Жаман деген адамдардың да, басқаларға байқалмаған жақсы қасиеттерін басқа біреулер білуі әбден мүмкін, және сол сияқты жақсы деген адамның да жаман жақтары болуы мүмкін ғой. Біз адамдарды халыққа көрінетін тұстарына бағамдап қана жақсы болмаса жаман деп айта аламыз. Ал оның көзден таса құндылықтарын толық білу мүмкін емес, ол тек Аллаға ғана аян болар.Сондықтан жалпы Адам баласын Аллатағаламның әсем, көркем, теңдессіз жақсы туындысы деп қарасақ жөн болар деймін. Алла бәріңді жамандықтан сақтап, жақсылықты нәсіп етсін!

http://jakup.ucoz.ru/news/s_ken_bozaev_la_atty_a_idalar/2013-11-17-158 Мына жерде біраз мағлұмат табасыз.
0 дауыс
ең бірінші жақсы адамды жақсы адам қылатын қасиет мудрость
Мудрость-дегеннің қазақшасы, кемеңгерлік болар.
0 дауыс
Мен үшін адамның жақсысы не жаманы жоқ. Яғни, жеке көзқарасым шеңберінде ғана жүздеген пункт бойынша бір адамды сипаттағанда, тек бір пункті ғана жақсы не жаман болуы мүмкін ғой.
+2 дауыс
"Пенденің пендеден несі артық, нәпсісін түгел тиса артық. "
+1 дауыс
Екеуінде айта алмайсын мынау жаман мынау жақсы деп,Жақсы адам да жаман бола алады,жаман адамда жақсы болады!
+1 дауыс

Мына өмірде "жақсы адам" болмайды. Біреуге ұнағаныңмен біреуге ұнамайсың...

келісемін.+1
0 дауыс
Адамдарды екіге бөлу - аса керек емес. Жақсы адам деп жүрген адам жасай алмаған жақсы істі, жаман деп жүрген адам жасауы мүмкін. Адамдардың бәрі бірдей.
0 дауыс
Ешкімді жаман адам немесе жақсы адам деп бөліп айтуға болмайды. Себебі Аллах бәріне сұлулықты бірдей қылып жаратқан!
...