0 дауыс
66.5k көрілді
Шұбалшаңдар туралы реферат қажет еді? Интернетте қанша рет іздесем де шықпады.
Мағанда шұбалшаң туралы керек

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Шұбалшаңдар - нағыз топырақ қопсытқыш жәндіктер. Сондай-ақ шұбалшаңдар - үй құстары мен балықтардың жемі. Суда тіршілік ететін азқылтанақты буылтық құрттардың да пайдасы зор. Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы өте көп мөлшерде өткізеді. Сөйтіп су-қойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді.

Сонымен бірге азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады.Денесі біркелкі сақина тәрізді буылтыққа бөлінген шұбалаң тұрықты көпжасушалы жәндіктер буылтық құрттар типіне жатады. Олардың денесі үш қабаттан тұрады. Денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік соңғы қуыс - целом деп аталады. Екіжақты симметриялы. Соңғы қуыс әр сақиналы буылтықтарда қайталанады. Сақиналы буылтықтар перде арқылы бөлінгенімен, ауыз және аналь тесігі бар ішек бүкіл денені бойлай созылады. Жүйке жүйесінің құрсақтық бағанасы және ең алғашқы тұйық қанайналым жүйесі де бар. Дененің екі қапталындағы әрбір буылтықта будаланған қылтанақта өскіндер - параподиялар орналасқан. Ол құрттың қозғалып жүру мүшесінің қызметін атқарады. Ал сүліктердің денесінде мұндай қылтанақтар болмайды. Буылтық құрттар жынысты және жыныссыз жолменкөбейеді. Қосжыныстылары (гермафродит) да бар.
осының құрлысы бар ма? маған керек еді
Шұбалшаңда целом (грекше цейлома-қуыс дегенді білдіреді)
рахмет, бірақ 3 жыл өтіп кетті ғой )
0 дауыс

Ағза үздіксіз қозғалыста тіршілік етеді. Қимыл-қозғалыстың түрі өте көп. Тіпті ұйқыда жатқан жануарды мұқият қарап, бақыласаңдар, денесінің алуан түрлі қимылдап-қозғалып жататынын байқайсыңдар. Жануар ағзасындағы көптеген қимыл-қозғалыстар мен (тынысалу, қанайналымы, астың қорытылуы, т. с. с.) таныстыңдар. Жануарлар бүкіл денесімен иіліп, бүгіліп немесе адымдап, жүгіріп орын алмастырып қозғалады. Жануарлар мұндай қозғалыс арқылы өз тіршілігіне қауіпті жағдайлардан қорғанады (амебаның тұз ери бастаған тамшыдан тұзы жоқ тамшыға өтуін еске түсіріңдер). Ол тіршілігіне қажетті жағдайларды іздеп табады (кірпікшелі кебісшенің пішен бактериялары көп жиналған жерге «жүзіп» баруы).

Омыртқасыз жануарлардың қозғалуы. Гидра бір затқа табанымен бекиді. Оның қозғалуында сыртқы қабаты – эктодермадағы жабын-бұлшықет жасушалары маңызды рөл атқарады. Бұл жасушалардың әрқайсысының түбінде жиырылғыш бұлшықетті талшық бар. Барлық жасушалардың осы талшықтары қысқарғанда гидраның денесі жиырылады. Егер дененің бір жағындағы талшықтар жиырылса, онда гидра денесі сол бағытқа қарай иіледі де, қармалауыштарымен төсемікке (субстрат) бекінеді. Тек осыдан соң ғана табанын алғашқы бекіп тұрған жерден босатып, бекінген алдыңғы жағына денесін тартып алады. Табанымен бекінгеннен кейін денесі бас жағынан бастап тағы созылады. Сонымен гидра «адымдап» қозғалады (1-сурет).

Гидра бірде табанымен, бірде қармалауыштарымен кезек бекініп «төңкеріліп» те қозғалады. Бұл қозғалыстардың қай түрі болсын жабын ұлпалардағы талшықты жасушалар арқылы жүзеге асады.

Шұбалшаңның денесі ұзарып жіңішкереді, қысқарып жуандай да алады (2-сурет).

 

А. «Адымдап» қозғалу (гидра) Б. «Тоңқаңдап» қозғалу (гидра)

1- сурет.

 

2-сурет. Шұбалшаңның қозғалуы

Жәндіктердің қозғалу сызбанұсқасы.

Құрттың үнемі сілемейлі шырышпен шыланып, ылғалданып тұратын жұқа мөлдір терісінің астында тері, жанасып жататын сақиналы бұлшықеттер және оның ішкі жағында денені бойлап ұзын салалы бұлшықеттер орналасады. Әрбір буылтығының құрсақ жағында төрт жұптан қысқа қылтандары бар. Сақиналы бұлшықеттер жиырылғанда құрт денесі жіңішкереді. Дененің артқы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреліп, алдыңғы бөлігі алға қарай жылжып, ұзарады. Одан соң ұзын салалы бұлшықеттер жиырылады. Бұл кезде дененің алдыңғы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреледі де, артқы бөлігі алға тартылып, дене қысқарады. Сөйтіп, сақиналы және ұзын салалы бұлшықеттердің кезектесіп жиырылуы мен дененің артқы және алдыңғы бөлігіндегі қылтандарының алма-кезек тірек болуы құрттың алға жылжып қозғалуын қамтамасыз етеді.

Шұбалшаңдар топырақты бас бөлігімен қазып, тіршілік етеді. Тығыз топырақты «аузымен асап», ішегінен өткізіп, аналь тесігі арқылы шығарып отырады. Бұдан борпылдақ топырақтар майда түйіршікке айналып, ауа мен суды сіңіреді. Топырақ құрылымы жақсарады. Мұндай топырақта өсімдіктер жақсы өседі.

Жүзім ұлуы, бөгет ұлуы, айқұлақ сияқты былқылдақденелілер тері бұлшықет қапшығын түзетін жұмсақ денесімен, «аяқ» деп аталатын құрсақ бөлімінің толқынданып жиырылуы, созылуы арқылы баяу жылжып қозғалады. Дене сыртын шылайтын шырыш ұлудың аяғы мен төсемік (ағаш жапырағы, су түбіндегі тас, су өсімдіктері және т. с. с.) арасындағы үйкелісті жеңілдетіп, қозғалуға мүмкіндік береді.

0 дауыс
Жауын құрты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шұбалшаң

Жауынқұрты, шұбалшаң - жерқұрттары, азқылтанды құрттар туыстасына жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі топырақта мекендейтін түрлері енеді. [1]

Мазмұны

  [жасыру]

1Сыртқы құрылысы
2Қоректенуі
3Тыныс алуы
4Қан айналымы
5Зәр шығаруы
6Жүйке жүйесі
7Сезім мүшелері
8Көбеюі
9Шұбалшаңның регенерациясы
10Дереккөздер

Сыртқы құрылысы

Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2,5 м дейін, (ТМД-да, 45 см дейін). Дене буылтықтарының саны 80 нен 450 дейін. Әр бір буылтықта жорғалауға көмектесетін 8 ден бірнеше оншақты қылтандар бар. Көбінесе тропикалық ормандарда мекендейтін 1500 аса түрі бар; ТМД-да, 100 шамасында түрі кездеседі, көбінесе люмбрицид, (Lumbricidae) туыстасына жататын түрлері. Топырақта мекендейді, ірі түрлері тереңдігі 8 м-ге жететіндей ін қазады. Жауынқұрты көбі жер бетіне түнде, күндізгі уақыттарда, жауыннан кейін ғана шығады, (осыдан аталуы). Гермафродиттер. [2]

Қоректенуі

Шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Асқорыту мүшесі-бүкіл денесін бойлай созылған көлемді ішек. Ішектің алдыңғы бөлігі- ауыз қуысы, ол жұтқыншақпен жалғасып, қорек жұтқыншақтан жіңішке өңешке өтеді, одан жемсауға түседі де, бұлшықетті қарынға барып, қорытылмаған қорек ең ұзын ішек бөлігімен аналь тесігі немесе артқы тесік арқылы сыртқа шығарады.

Тыныс алуы

Шұбалшаңның арнайы тынысалу мүшесі болмағандықтан, денесін қаптаған ылғалды жұқа қабықша арқылы газ алмастырады.Барлық денесімен тыныс алады. Шұбалшаңның жауын жауғанда жер бетіне шығып қалуына осы қасиетті негізге алады. Жауынның суы шіріндіні көп ыдыратып, көмірқышқыл газдың мөлшерін арттыратындықтан, ол тыныс ала алмай, жер бетіне шығады.

Қан айналымы

Тұйық қан айналу жүйесі бар, (құрамында гемоглобины бар қанының түсі қызыл).Шұбалшаң түсінің қызғылт болуы, оның денесін қан жабдықтайтынын білдіреді. Құрттың негізгі екі қантамырлары ішектің үстіңгі және астыңғы жағынан өтеді. Дененің арқа бөлігін жабдықтайтын тамырлар арқа қантамыры, ал құрсақ жағын жабдықтайтын тамырлар құрсақ қантамыры деп аталады. Қантамырлардағы қанды арқа және құрсақ тамырларымен сақина тәрізденіп жалғасқан "жүрекше" бүкіл денеге айдайды. Қан дененің алдыңғы бөлігінен артқа қарай және артқы бөлігінен алға қарай жай жылдамдықпен жылжиды, қылтамырлар арқылы барлық мүшелерге таралады. Қанның дене қуысына таралмай, қантамыр арқылы үнемі айналуы тұйық қанайналым жүйесі деп аталады.

Зәр шығаруы

Шұбалшаңның әрбір буылтығында екі-екіден орналасқан кішкене ақ имек түтікшелер - зәршығару мүшесі. Имек түтікшенің бір жағы шұқырақ тәрізденіп дене қуысына, екінші жағы келесі буылтық арқылы сыртқа ашылады.

Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі құрсақ жүйке тізбегін құрайтын ірі жұтқыншақ үсті жүйке түйіндісінен және көптеген ұсақ түйінділерден тұрады.Шұбалшаңның бас пен құрсақ бөлігінде жүйке жүйесі болады. Құрт денесінің алдыңғы бөлігінде, жұтқыншақ маңында екі жұп жүйке түйіні бар, олардың үстіңгі екі түйіні жұтқыншақүсті жүйке түйіні немесе "ми" және астыңғы екі түйіні жұтқыншақасты түйіні деп аталады. Жұтқыншақасты жүйке түйінінен құрсақты бойлай қатарласа созылған жүйке бағанасы былтықтар сайын жүйке түйіндерінен құралып, құрсақ жүйке тізбегін түзеді.Жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері бірімен- бірі сақина тәрізденіп жалғасады. Әр буылтықтағы жүйке түйіндерінен дене мен мүшелерге жүйкелер тармақталып таралады.

Сезім мүшелері

Денесінде сезімтал жасушалар мол. Топырақта тіршілік етуіне байланысты шұбалшаңның сезім мүшелері жақсы жетілмеген. Алайда көзі болмаса да, олар жарықты жақсы сезінеді, шұбалшаң сондай-ақ иісті де ажырата алады. Ал сипап сезу жасушалары шұбалшаң денесіне жеке де, топтасып та орналасады, құрт бүкіл денесімен сезінедә. Сондай-ақ сипап сезу қызметін қылтаңдар да атқарады.

Көбеюі

Жұмыртқалары бар кокондарын топыраққа салады.Шұбалшаңдардың аталық және аналық жыныс жасушалары бір құртта болатындықтан, олар қосжынысты, яғни гермафродитті болып келеді. Шұбалшаңның жыныс мүшелері 9-15- буылтықтар аймағында орналасады. Жұмыртқаның ұрықтануы белбеушеде өтеді. Ұрықтану соңынан белбеушеден шырын бөлінеді де, белбеуше сыртындағы түзіліс біртіндеп құрт денесімен сырғанай отырып пілдеге айналады. Пілдеден ешқандай өзгеріссіз шұбалшаң шығады.

Шұбалшаңның регенерациясы

Регенерация құбылысы жақсы дамыған.Регенерация арқасында жыныссыз жолмен екіге бөліне алады.
0 дауыс
Биология кітабінда барго 7 сыныпта
0 дауыс

7 сынып 2 зертханалық жұмыс көмектесіңіздерші 

0 дауыс

Шұбалшаңның денесінің алдыңғы жəне соңғы бөлігін анықтап қарау

...