Байлықтың артықшылықтары:
-байлық арқылы өзі білім алуға, басқалардың көзін ашуға жұмсаса сол жақсы.
-білім өсе келе ұмытылады, жас кездегі білім қанша сіңдірілгені мен адамның шашы ағарған сайын миы да тоза береді, ал байлықты бөліп бес банкке салып қойсаң азаймайды, қайта көбейе береді.
-байлық барлығына жол ашады, білімді болғанымен қазіргі заманның құбылуына байланысты байлығыңның шетін көрсетпесең білімің босқа кетеді.
-байлық та адамды мәңгі асырайды.
-байлықты орынды жұмсап, соңы неге соғарын ойлап жұмсасаң ешқашан банкротқа ұшырамайсың.
Білімнің артықшылықтары:
-байлық адамдар арасын ажыратады, байлар мен кедейлер болып бөледі. Ал білімділер надандарға үлгі болады.
-білім барлық жерде керек болады, "білімді мыңды жығады".
-білім адамның барлық жақсы қасиеттерін арттырып отырса, байлық адамның адамгершілін ластайды, тура жолдан тайдырады.
-білімді қанша жұмсасаң азаймайды.
-болашақ білімді жастардың қолында, ал байлыққа малынып өскендер болашақта бір істің де тұтқасын ұстай алмайды, әке-шешесіне сеніп өседі.
Ұқсастықтары:
-екеуіне де жұрттар қызғанышпен қарайды, жарға итергісі келіп тұрады.
-екеуінен де барлығы пайда көріп қалғысы келеді.
-екеуі де адам қасиеттерін өзгертуі мүмкін.
-екеуінің де айналасында жағымпаздар, бәсекелестер, қансорғыштар, өсекшілер, т.с.с. адамдар толып жүреді.
Мүмкін жазылмай кеткендері бар шығар, тек мен ойымды жаздым.