0 дауыс
1.6k көрілді

1) А элементі түзетін жай заттың 4г үлгісін оттек атмосферасында жаққан. Алынған затты 60г 20 % -тік  NAOH ертіндісінде еріткенде 96г ертінді түзілген, ал NAOH массалық үлесі 12,5% дейін кеміген. А элементін анықтаңыз.

2)Электр тоғын  бір мезгілде күкірт қышқылының және әлдебір металл сульфатының  сулы ертінділері арқылы өткізгенде бірінші электролизер катодында 400мл (25º С  740мм сын бағ) сутек, ал екінші электролизер катодында  1,04г металл бөлінген. Ертіндіде  қай металдың сульфаты болған?

3)Диссоциалану дәрежесі төрт есе өсу үшін сірке қышқылының сулы ертіндісін неше есе сұйылту керек? Осы кезде рН мәні қаншалықты өзгереді?

4) Бір негізді карбон қышқылының натрий тұзының 1л сулы ертіндісінің тығыздығы 1,2 г/мл, массалық үлесі 8% электролизі кезінде  гелий бойынша салыстырмалы тығыздығы  9,25 болатын газдар қоспасы түзілген. Бастапқы тұз толық әрекеттесті деп алып, оның құрамын және ертіндіде қалған заттың массалық үлесін есептеңіздер

5)Екі бейорганикалық тұздың қоспасын қыздыра отырып толық ыдыратқан. Осы кезде түзілген газды су буларынан құрғату  үшін концентрлі күкірт қышқылы  құйылған ыдыс арқылы  өткізген. Алынған А газының көлемі 11,2л ал сутек бойынша тығыздығы  22 болған. А газын ішіне  қатты күйдегі сілті салынған түтік арқылы өткізгенде, оның көлемі екі есе кеміген, ал тығыздығы өзгермеген. А газын ішіне қыздырылған мыс ұнтақтары салынған түтікше арқылы өткізгенде оның көлемі өзгермейді ал тығыздығы кемиді.  А газы қыздырылған көмірмен әрекеттескенде оның көлемі ұлғаяды,ал тығыздығы кемиді. Бастапқы тұздар қоспасының құрамын анықтаңыздар және химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар 

жауабы барма
ертен тускайтага дейин керек??? устазынызбен биригип бул есеп шыгып жатырса псы сайтка салынызшыы

2 жауап

0 дауыс
ответын билесызба?маган керек еды
0 дауыс
жауабы магандаа кереккк соллл
ертен тускайтага дейин керек??? устазынызбен биригип бул есеп шыгып жатырса псы сайтка салынызшыы
...