0 дауыс
25.3k көрілді
Болашақ бағдарламасы мен шетелде қалай оқуға болады ?  Не жасау керек ол үшін?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
«Болашақ» халықаралық стипендиясына кім ие бола алады?

«Болашақ» халықаралық стипендиясына Қазақстан Республикасының кез келген азаматы мына мақсатта үміткер бола алады:

медицина мамандықтары бойынша магистр, доктор, ғылым кандидаты дәрежесін алу;
ғылыми тағылымдамадан өту.

Үміткерлер конкурс негізінде іріктеледі.

Конкурсқа қатысушы үшін міндетті шарт:

магистр, философия докторы, сала докторы дәрежесіне өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы  4,50 балдан кем емес (5,0-ден);
мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орнының түлектері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы  4,00 балдан кем болмауы (5,0-ден)  тиіс.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бір рет тағайындалатынын естен шығармау қажет. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын халықаралық стипендия тағайындауға арналған квота белгіленеді. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлер үшін, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлері арасынан үміткерлер үшін шет тілін білу деңгейі төмендетілді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу рәсімі

I.  Кезең. Қандай құжаттар ұсыну қажет?

Құжаттарды тапсыру мерзімі туралы ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады. Қабылдау мерзімі туралы алдын ала хабарланады, сол себепті сіздің барлық құжаттарды жинау және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на ұсыну үшін уақытыңыз болады. 2013 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу және өткізу үшін үміткерлер құжаттарын пайдалану мерзімі:

1) құжаттарды қабылдау – 2013 жылғы 18 ақпаннан 1 қазан аралығында;

2) конкурс өткізу – 2013 жылғы 25 ақпаннан 2014 жылғы 31  қаңтар аралығында.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер үшін қажетті құжаттар тізілімі
Үмітркердің сауалнамасы
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының маманды даярлауға арналған өтінімі
Жұмыс берушінің маманды даярлауға арналған өтінімі
Тағылымдама бағдарламасына қойылатын талаптар

Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша түсуге тілек білдіргендер «Электрондық үкімет» порталында «Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметін пайдаланып, Интернет арқылы қажетті құжаттарды жібере алады.

II кезең. Мамандықты және оқыту үшін оқу мекемесін қалай таңдауға болады?

Мамандықты және оқыту үшін оқу мекемесін таңдау үшін сізге төмендегіні іске асыру қажет:

1.Басым мамандықтар тізілімінде стипендия тағайындалатын мамандықты табу қажет, онда әрбір мамандыққа қарсы берілген бағанда оқытылатын ел көрсетіледі;

2. мамандық пен оқыту елін таңдап, Жетекші жоғары оқу орындарының тізімінде оқу орнын таңдау.

III кезең. Конкурстық іріктеу

Келесі кезең конкурстық іріктеу жүргізу болып табылады. Конкурстық іріктеме рәсімдері үш айдан сегіз айға дейінгі уақытты алады. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеме үш турдан тұрады: мемлекеттік тілді білуді тестілеу, шет тілін білуді тестілеу, психологиялық тестілеу. Барлық кезеңдер Астана қаласында өтеді, ал шет тілін білуді тестілеу Алматы, сондай-ақ Астана қалаларында өтеді. Конкурстық іріктеудің қалған екі туры Астана қаласында өтеді. Әрбір үміткерді емтихан басталғанға дейін 5 – 6 күн бұрын ескертеді.

Шет тілін білуді тестілеуді шетел ұйымдары – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ әріптестері жүргізеді. Мемлекеттік тілді тестілеуді Білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы әзірлеген ҚАЗТЕСТ жүйесінің көмегімен іске асырады. Психологиялық тестілеуді «Жеке тұлғаны дамыту орталығы» жүргізеді. Әрбір кезеңнен кейін 15 күн ішінде «халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесінің конкурстық іріктеу жүргізуге жауапты қызметшілері үміткерлерді нәтижелер туралы хабардар етеді.

Бірінші турдан сәтті өткен үміткерлер екінші турға қатысуға жіберіледі, ол тәуелсіз сараптама комиссиясынан сұхбат алу арқылы өткізіледі, комиссия түпкілікті шешім қабылдайды. Он күн ішінде комиссия мәжілісінің хаттамасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на түседі және бір күн өткеннен кейін конкурс жеңімпаздарының тізімі ресми сайтта жарияланады.

Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болдыңыз

Республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейін 90 күнтізбелік күн ішінде стипендияның иегері оқытуға арналған шартқа отырады. Бұл шарт оқу/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты барлық төлемдерге байланысты ақша аудару үшін негіз болып табылады.

Стипендия иегерінің міндеттері:

барлық шарт міндеттерін орындау;
елге келген кезде консулдық есепке тұру;
байланыс деректерін (мекенжай, телефон) ұсыну/жаңарту және егер деректер өзгерсе, бұл туралы өз жетекшісін он күн ішінде хабардар ету;
ЖОО медициналық сақтандыру полисін ресімдеу;
жетекшісі сұраған ақпарат пен құжаттарды уақытылы ұсыну.

 

«Болашақ» бағдарламасының түлектерінің міндеттері

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту уақыты өткеннен кейін стипендия иегерінің Қазақстанға қайтып оралуы және шетелде алған мамандығы бойынша үздіксіз бес жыл жұмыс істеуі міндетті шарт болып табылады. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияда, сондай-ақ жеке құрылымда жұмыс істей алады.

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде оқыған стипендия иегерлері:

- ауылдық квота бойынша – өз өңіріне 5 жыл жұмыс істеуге оралуға міндетті;

-мемлекеттік қызметке арналған квота бойынша – мемлекеттік қызметте 5 жыл жұмыс істеуге міндетті;

- ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің квотасы бойынша – мемлекеттік зерттеу институттарында, орталықтарда, оқу орындарында ғылыми немесе педагогикалық жұмыста жұмыс істеуі тиіс.

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өткен стипендия иегерлері мемлекеттік зерттеу институттарында, орталықтарда, оқу орындарында ғылыми немесе педагогикалық жұмыста үш жыл жұмыс істеуі тиіс.
0 дауыс
менің КТА тапсырып болашақ бағдарламасымен қыиайда оқуыма болама?
+1 дауыс
Мен қазір "Болашақ" бағдарламасы бойынша Англияда оқып жатырмын. Осы орайда, сіздің сұрағыңызға жауап бере кетсем деймін.

1. Болашақ бағдарламасы арқылы Англияда оқу үшін әуелі университетті тәмамдап алуыңыз қажет. Өйткені, қазір "Болашақ" арқылы бакалавр оқуды алып тастаған. Тек ғана магистр, phD, стажировка өтуге болады.

2. Университетті аяқтаған соң "Болашақ" бағдарламасының 6 категориясы бойынша стипендияға тапсыра аласыз. Біріншісі, мемлекеттік қызметкерлер санаты. Екінші, педагог қызметкерлер санаты. Үшінші, ЖОО түлектері санаты. Төртінші, өз бетімен түскендер. Бесінші, мәдениет және шығармашылық қызметкерлері, Соңғысы, БАҚ қызметкері. Сіздегі болашақтағы мүмкіндік ЖОО түлегі ретінде немесе өз бетінше оқуға түсуші ретінде "Болашаққа" тапсыра аласыз. Қайталап айтайын, тек ғана магистр дәрежесінде білім алуға болады. Бакалавр жоқ "Болашақта".

3. "Болашаққа" құжат тапсырудың мынандай шарты бар:

ҚР ЖОО-ның ағымдағы жылғы түлегі болу;
Өтіл талап етілмейді;
Құжаттар тапсыру сәтінде өзі аяқтаған жоғары оқу орнының ғылыми немесе педагог қызметкері болу;
Бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы 5,00-ден  4,0 (4,00/4,33-тен 2,67 GPA) болуы қажет.

Сосын құжат жинайсыз. Керекті құжаттар тізімі:

- сауалнама;                                                                                          
- өтініш-негіздеме;
- жұмыс берушіден ұсынымхат;
- жеке куәлік пен паспортының түпнұсқалары және көшірмелері(түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
- дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (қосымшасымен бакалаврдың немесе маманның);
- 0-82/у медициналық анықтамасы;
- еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз тіркелгені туралы (қаржылық шарттарды қоспағанда) құжат;
- ол болған жағдайда, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы нақты ресми сертификаттың көшірмесі;

Құжаттарды орталыққа өткізгеннен кейін емтихан кезеңі басталады. Емтихан 5 кезеңнен тұрады.

I айналым. Шет тілін білу емтиханы
Шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат болмаған жағдайда, үміткер тілдік емтиханға жіберіледі.
Өту балына талаптар:
IELTS: 9.0-ден 4.0
TOEFL: ITP/PBT – 677-ден 397
IBT – 120-дан 31
II айналым. Мемлекеттік тілді білу емтиханы — Қазтест
Мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат болмаған жағдайда, үміткер қазтестке жіберіледі.
III айналым. Үміткердің шетелде оқуға және тұруға психологиялық диагностикасына тестілеу – Психотест
Осы тесттің нәтижелері– Ұсынылған/Ұсынылмаған
IV айналым. Тәуелсіз сараптама комиссиясының (ТСК) мүшелерімен әңгімелесу
Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік рәсімдерін білуі, оқу мамандығын сезіммен таңдауы және үміткердің кәсіби даярлық деңгейі анықталады.
V айналым. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы
Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижесі негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы соңғы шешім шығарады.
Сонымен қатар, Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебіненшетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес үзіліссіз тілдік курстан өту қажеттігі көрсетіледі.
Сәлеметсіз бе? Сізге сұрақ қояйыншы: мен қазір Ақпараттық жүйелер мамандығында оқимын. Бағдарлама бойынша басқа мамандыққа түсуге болады ма? Рахмет!
Англияда окып жатырган кейпкер,сизге калаи хабарласуга болады?сурактарым бар еди,[email protected] почтама хабар калдырынызшы отириш.
0 дауыс
Жауабыңызға көп -көп рахмет. Сіз бәрін түсінікті жазыпсыз. Мен қазір Жоғары оқу орнында оқимын. Оқуды аяқтағасын бағымды сынап Болашақ стипедиясына ие болу үшін емтихан тапсыру ойымда бар.
0 дауыс
Сонда емтихан 2 қалада болама. Мен де тапсырайын дегем,
0 дауыс
Колледжди шетелде жалгастырса болмайды ма
0 дауыс
Шетелде коледж оқуға болама
0 дауыс
Ассалаумағалейкум менің мамандығым электрик!!! Колледжде оқыймын  2018 бітірем  шет елде оқуға бола ма қандай ұсыныстар бар жоғарғы оқу орнына? 87477296694 Аян
0 дауыс
Салеметсіз бе мен болашақ бағдарламасына қатысқым келеді бірақта мен оралманмын яағни монголия қазағымын мен қатыса аламын ба?
...