+1 дауыс
2.7k көрілді
Болашақ бағдарламасының стипендия алу үшін қандай пәндерден емтихан тапсыру қажет?

1.Қандай тілдерді білу қажет?

2.Қандай пәндерге басымдық беріледі?

3.Кем дегенде аталған пәндерден қанша балл жинау қажет?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

«Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасының Президенті азаматтарды әлемдік жетекші оқу орындарында күндізгі бөлімде оқытуға немесе жетекші жоғары оқу шетел ұйымдарында ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медциналық қызметшілерді тағылымдамадан өткізуге арнап бекітетін стипендия. Қазақстан Ресупбликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1993 жылғы Жарлығымен бекітілген. «Болашақ» халықаралық стипендицясы сәтті маңсап пен кәсіби зін өзі жетілдірудің өзік кепіліне айналды.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясына кім ие бола алады?

«Болашақ» халықаралық стипендиясына Қазақстан Республикасының кез келген азаматы мына мақсатта үміткер бола алады:

медицина мамандықтары бойынша магистр, доктор, ғылым кандидаты дәрежесін алу;
ғылыми тағылымдамадан өту.
Үміткерлр конкурс негізінде іріктеледі.

Конкурсқа қатысушы үшін міндетті шарт:

магистр, философия докторф, бейін бойынша доктор дәрежесін өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 4,50 балға (5,0-ден);
мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орнының түлектері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 4,00 балға (5,0-ден) тең болуы тиіс.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы бір рет тағайындалатынан естен шығармау қажет. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын халықаралық стипендия тағайындауға арналған квота белгіленеді. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлер үшін, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлері арасынан үміткерлер үшін шет тілін білу деңгейі төмендетілді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу рәсімі

I.  Кезең. Қандай құжаттар ұсыну қажет?

Құжаттарды тапсыру мерзімі туралы ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады. Қабылдау мерзімі туралы алдын ала хабарланады, сол себепті сіздің барлық құжаттарды жинау және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на ұсыну үшін уақытыңыз болады. 2013 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстқа қатысу және өткізу үшін үміткерлер құжаттарын пайдалану мерзімі:

1) құжаттарды қабылдау – 2013 жылғы 18 ақпаннан 1 қазан аралығында;

2) конкурс өткізу – 2013 жылғы 25 ақпаннан 2014 жылғы 31  қаңтар аралығында.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер үшін қажетті құжаттар тізілімі
Үмітркердің сауалнамасы
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының маманды даярлауға арналған өтінімі
Жұмыс берушінің маманды даярлауға арналған өтінімі
Тағылымдама бағдарламасына қойылатын талаптар
Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша түсуге тілек білдіргендер «Электрондық үкімет» порталында «Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметін пайдаланып, Интернет арқылы қажетті құжаттарды жібере алады.

II кезең. Мамандықты және оқыту үшін оқу мекемесін қалай таңдауға болады?

Мамандықты және оқыту үшін оқу мекемесін таңдау үшін сізге төмендегіні іске асыру қажет:

1.Басым мамандықтар тізілімінде стипендия тағайындалатын мамандықты табу қажет, онда әрбір мамандыққа қарсы берілген бағанда оқытылатын ел көрсетіледі;

2. мамандық пен оқыту елін таңдап, Жетекші жоғары оқу орындарының тізімінде оқу орнын таңдау.

III кезең. Конкурстық іріктеу

Келесі кезең конкурстық іріктеу жүргізу болып табылады. Конкурстық іріктеме рәсімдері үш айдан сегіз айға дейін уақыт алады. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеме үш турдан тұрады: мемлекеттік тілді білуді тестілеу, шет тілін білуді тестілеу, психологиялық тестілеу. Барлық кезеңдер астана қаласында өтеді, ал шет тілін білуді тестілеу Алматы, сондай-ақ астана қалаларында өтеді. Конкурстық іріктеудің қалған екі туры Астана қаласында өтеді. Әрбір үміткерді емтихан басталғанға дейін бес – алты күн бұрын ескертеді.

Шет тілін білуді тестілеуді шетел ұйымдары – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ әріптестері жүргізеді. Мемлекеттік тілді тестілеуді Білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы әзірлеген ҚАЗТЕСТ жүйесінің көмегімен іске асырады. Психологиялық тестілеуді «Жеке тұлғаны дамыту орталығы» жүргізеді. Әрбір кезеңнен кейін он бес күн ішінде «халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесінің конкурстық іріктеу жүргізуге жауапты қызметшілері үміткерлерді нәтижелер туралы хабардар етеді.

Бірінші турдан сәтті өткен үміткерлер екінші турға қатысуға жіберіледі, ол тәуелсіз сараптама комиссиясынан сұқбат алу арқылы өткізіледі, колмиссия түпкілікті шешім қабылдайды. Он күн ішінде комиссия мәжілісінің хаттамасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на түседі және бір күн өткеннен кейін конкурс жеңімпаздарының тізімі ресми сайтта жарияланады.

Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болдыңыз

Республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейін 90 күнтізбелік күн ішінде стипендияның иегері оқыту аранлған шартқа отырады. Бұл шарт оқытуды/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты барлық төлемдерге байланысты ақша аудару үшін негіз болып табылады.

Стипендия егрінің міндеттері:

барлық шарт міндеттерін орындау;
елге келгенк езде консулдық есепке тұру;
байланыс деректерін (мекенжай, телефон) ұсыну/жаңарту және егер деректер өзгерсе, бұл туралы өз жетекшісін он күн ішінде хабардар ету;
ЖОО медициналық сақтандыру полисін ресімдеу;
жетекшісі сұраған ақпарат пен құжаттарды уақтылы ұсыну.

«Болашақ» бағдарламасының түлектерінің міндеттері

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту уақыты өткеннен кейін стипендия иегерінің Қазақстанға қайтып оралуы және шетелде алған мамандығы бойынша үздіксіз бес жыл жұмыс істеуі міндетті шарт болып табылады. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияда, сондай-ақ жеке құрылымда жұмыс істей алады.

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде оқыған стипендия иегерлері:

- ауылдық квота бойынша – өз өңіріне 5 жыл жұмыс істеуге оралуға міндетті;

-мемлекеттік қызметке арналған квота бойынша – мемлекеттік қызметте 5 жыл жұмыс істеуге міндетті;

- ғылыми және педагогикалыұ қызметкерлердің квотасы бойынша – мемлекеттік зерттеу институттарында, орталықтарда, оқу орындарында ғылыми немесе педагогикалық жұмыста жұмыс істеуі тиіс.

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өткен стипендия иегерлері мемлекеттік зерттеу институттарында, орталықтарда, оқу орындарында ғылыми немесе педагогикалық жұмыста үш жұмыс істеуі тиіс.

 

мына және мына сілтемелерден біле аласыз.

Рахмет жауап үшін ))))
...