Құрметті сайт қолданушылары. Сайтымызда алдағы күндері жаңа мүмкіншіліктерді қоспақшы ойдамын. Соған орай сайттың мобильді нұсқасын алып тастамақшымын. Яғни телефонмен және планшедпен кіргенде сайт соған қарай бейімделмейтін болады. Барлығына бірдей мүмкіншілік болады. Телефонмен кірсеңіздер де, компьютермен кірсеңіздер де бірдей сайт ашылады. Ал солай болғаны мен үшін де сайт үшін де тиімді болмақ.
Бір айлық статисканы қарайтын болсам 80 пайыз қолданушы сайтқа компьютер арқылы, ал 19-20 пайыз қолданушы ұялы телефон немесе планшед арқылы сайтқа кіреді. Яғни тиісінше компьютерге қарай сайтты бейімдеуге тура келеді.
Ертең яғни сенбі күннен бастап жайлап өзгерістер енгізіп сайтты бейімдейтін боламын. Есесіне ұялы телефонмен кіретіндер де енді, компьютермен кіретін қолданушылар секілді мүмкіншіктер қайта орнына келеді. Ол сұраққа және жауапқа дауыс беру т.б. дегендей.
Оған қоса сайтқа асықтар мен сауалнаманы да қалпына келтірсем деген ой да бар.
Сондықтан дұрыс түсінгендеріңізді қалаймын. Ал ұялы телефон мен планшедтерге алдағы уақытта сайттың приложениесін жазғызсақ болады. Ол кезде сайттың мобильді нұсқасы бар жоғы аса маңызды болмайды.
Рахмет.