+6 дауыс
929 көрілді
Құрметті сайт қолданушылары. Сайтымызда алдағы күндері жаңа мүмкіншіліктерді қоспақшы ойдамын. Соған орай сайттың мобильді нұсқасын алып тастамақшымын. Яғни телефонмен және планшедпен кіргенде сайт соған қарай бейімделмейтін болады. Барлығына бірдей мүмкіншілік болады. Телефонмен кірсеңіздер де, компьютермен кірсеңіздер де бірдей сайт ашылады. Ал солай болғаны мен үшін де сайт үшін де тиімді болмақ.

Бір айлық статисканы қарайтын болсам 80 пайыз қолданушы сайтқа компьютер арқылы, ал 19-20 пайыз қолданушы ұялы телефон немесе планшед арқылы сайтқа кіреді. Яғни тиісінше компьютерге қарай сайтты бейімдеуге тура келеді.

Ертең яғни  сенбі күннен бастап жайлап өзгерістер енгізіп сайтты бейімдейтін боламын. Есесіне ұялы телефонмен кіретіндер де енді, компьютермен кіретін қолданушылар секілді мүмкіншіктер қайта орнына келеді. Ол сұраққа және жауапқа дауыс беру т.б. дегендей.

Оған қоса сайтқа асықтар мен сауалнаманы да қалпына келтірсем деген ой да бар.

Сондықтан дұрыс түсінгендеріңізді қалаймын. Ал ұялы телефон мен планшедтерге алдағы уақытта сайттың приложениесін жазғызсақ болады. Ол кезде сайттың мобильді нұсқасы бар жоғы аса маңызды болмайды.

Рахмет.

19 жауап

+3 дауыс
охоооо жақсы болдығо мынау деген.......
+3 дауыс
Жақсы жаңалық екен.Жазда мен соткамен кіріп жүргенде сұрақ қоя алмайтынмын.
+4 дауыс
Дұрыс түсінбедім мен. Сонда сайтқа тел арқылы кіре алмаймын ба?!
Телефон арқылы кіре бересің. Барлық мүмкіншілік орнында болады. Қайта телефон арқылы кіріп жауапқа да дауыс бере аласың.
Сайтымыз мына жүйеде жұмыс жасап тұр. http://www.question2answer.org/qa/ Осында телефонмен кіріп көрсең болады. Яғни дизайны өзіміздің сайттыкі болады, бірақ сайт солай кішкентай болып ашылады. Қажет жерін үлкейтіп алып қолдана бересің.
Түсінікті. Рахмет.
+8 дауыс

Админ мырза! Сайт сіздің өміріңіздей болып кетті, көп еңбек сіңірдіңіз. Қиыншылықты да, қуанышты да қолданушылармен бірге бөлістіңіз. Сайтқа өзгерістер енгізбес бұрын қолданушылардың ойын біліп отыратыныңыз өте жақсы ой екен. 

Сайттағы асықтар мен сауалнаманы да қалпына келтірсем деген ойыңыз маған қатты ұнады.
Сайттың мобильді нұсқасын алып тастауыңызға қарсы емеспін, көп қолданушылар ұялы телефонмен кіргенде сайттың ыңғайсыздығы жайлы шағымданып жатады, ал егерде компьютердегі мүмкіншіліктер ұялы телефонда да болса бұл жақсы емес пе? Барлық қолданушылар ойыңызды құптайды деген ойдамын. 

Оқасы жоқ, қайта сізге РАХМЕТ! 

+5 дауыс
О... Құдай бере салған Админім сол )). Жағымды жаңалықтармен көңіл күйімді біраз көтеріп тастадыңыз. Төбем көкке екеу емес бір елі ғана жетпей қалды. Көөп рахмет сізге! Алғысым шексіз! Сіздей админді еш жерден көрмедім мен :). Бізге жасап жатқан жақсылықтарыңыздың шегі жоқ... Үлкен рахмет!
Хе-хе Ақжол))) Ұлылығыңызға бас иемін деген сөзді ұмыттың)))
Енді жасап жатқандары жақсы емес пе?
+3 дауыс
Ербол агасы ендi СЖ-сайтына телефонмен кiрiлмейдi ме? Бiздерге киын болды-ау!
Телефонмен де кіріле береді. Телефонмен де сұрақ қойып, жауап жазып, пікір қалдыруға болады.
+3 дауыс
Асықтар деген немене???Соны түсіне алмадым.Ал қалғанына базар жоқ.Рахмет сізге.
+3 дауыс
Дұрыс болғанын қарашы! 20 пайыздың ішінде менде бармын, қазіргіседе жаман емес. Бірақ қателіктер жеткілікті! Ербол Play marketте болуын құптаймын! Күтеміз! Телефонмен қазақша жазу қиындық соғады, соған бір мүмкіндік жаcасаңыз?
+2 дауыс
Мобильдiк версия калып полная версияныда енгiзсенiз бола ма,аркiм оз калаган версияда отыра берсе екен.мен телефонмен киретин едим.
+2 дауыс
Мен карапайым ноки 6700мен отырамын мен бiрак сурак коя аламын,жауапты да жаза алам.
+2 дауыс
Асықтарды қалпына келтірсең жақсы болар еді.
+2 дауыс
Приложениесі болса қатып кетер еді, ол шамамен қашан болады екен..
+2 дауыс
тамаша ооо жаксы болдыыыы
+1 дауыс
мына усынысыныз оте жаксы!!! Мен бас тартпаймын
0 дауыс
уәй,мынәуің жақсы екен!
...