0 дауыс
1.7k көрілді
Жалқаулық ауру түріне жатама?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалқаулық ауру ма? Қараша – суық, сұр кезең. Бұл кезде сабаққа да, жұмысқа да зауқың болмайды. Артық ештеңе істегің келмей, үйде жылы көрпенің астында жатуды ғана армандаймыз. Күн сәулесінің аздығы, дәрумендердің жетіспеушілігі, шаршағандық, көңілсіздік... Еріншектіктің шын себебі неде? Жалқаулық деген жаман ба? Біреулер жалқаулықты шаруаларын жасаудағы кедергі деп біліп, өмір бойы онымен күресіп жүрсе, басқалар арасында бір күнді жалқаулыққа бөліп, жылы төсекте жатып, демалуды жөн көреді. Нағыз жалқау адамның өмірлік ережелері қандай болады? *.Егер қажет болған зат сізден 2 метр немесе одан да көп қашықтықта орналасса, ол зат сізге мүлдем қажет емес. *.Еденге құлап қалған зат, тамақ бөліктері, киімді жиһаздың астына итере сал. *.Бірнеше күн (немесе апта) жиналмаған бөлмеңізге кіріп келгенде "Туй, мына жерді жинау керек" деңіз де ол жерден дереу шығып кетіңіз. Үйде әлі де салыстырмалы жиналған жерлер баршылық болар. *.Үйге қонақтар келмейтін күндері таңмен төсекті жинаудың қажеті қанша? Кешке бәрібір келіп ұйықтайсыз ғой. *.Теледидар алдындағы диванға жайғасудың алдында біраз еңбектеніп, теледидар пультын тауып алыңыз. Өз уақытыңыз бен күшіңізді осылайша үнемдейсіз. Осы тұжырымдардың көбісімен келіскен болсаңыз, сіз маусымдық не аяқ асты еріншектіктің құрбаны болғанын біліңіз. Жалқаулық жайлы деректер: *.Жалқаулық маусымға байланысты. Мысалы өтпелі көктем, күз кездері жалқаулықтың етек жаятын кезі. Бұған күн сәулесінің жоқтығы, авитаминоз кінәлі. *.Жалпы маусымдық не аяқ асты жалқаулыққа адамдардың 100 пайызы шалдығады. Бұл жасқа, қоғамдық және экономикалық жағдайға да байланысты емес. *.Әйелдер ерлерге қарағанда 4 есе жалқау. Бұндай шешімге ғалымдар жүргізген зерттеулер нәтижесінде келіп отыр. Жалқаулықпен күресу үшін ғалымдар нәзік жандыларға арнайы диета ұстануға кеңес береді. Бұл диета нәтижесінде адам ағзасындаеріншектікпен күресетінмелатонингормоны бөлінеді. *.Ал Аустралия ғалымдары жалқаулықты ауру деп санайды. Бұл ауру уәждеменің жоқтығына байланысты болып, әлемдегі адамзаттың әр бесінші өкілі осы ауруға шалдығады деп санайды.
Қазақ ақындарының бірі Шортанбай Қанайұлы: «Жалқаулық пен жалғыздық – жалғанның жаман тарлығы» деген сөз қалдырған. Шынында, бұл жалғандағы ең жаман нәрселердің бірі – жалқаулық. Адам бойындағы нашар мінездердің тізімі жасалатын болса, оның ең алдыңғы орындарының бірінде жалқаулық тұратыны сөзсіз. Жалқаулық жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруді қалайтын, өздігімен еңбек еткісі, жанын қинағысы келмейтін, «ұйқым тәтті болса, қарным тойса болды» дейтін, қолға алған ісін бітіре алмай үнемі ертеңге қалдырғыш адамдардың бойына сіңірген жағымсыз қасиет. Шортанбай айтқан жалқаулықтың тереңіне бойлап көрдік пе?.
Мұндай қасиетті араб тілінде «кәсәл» деп атайды. Қазақ тілінде ауру деген мағынаны білдіретін «кесел» сөзі осыдан қалса керек. Себебі жалқаулық – адамның екі дүниесіне де зиянын тигізетін кесапатты кесел, рухани ауру. Жалқаулықты кейде еріншектік, жанаярлық немесе жатыпішерлік, тіпті ең ауыр мағынасында арамтамақ деп те атайды.
Жалқаулық кеселіне шалдыққан адамдар бүкіл өмірін тек тән құмарлықтарына қарай өткізе бастайды. Олар өмірді тек қана ішіп-жеу, қыдыру, жатып ұйықтау, қызық көру, қысқасын айтқанда тән рахатына бату деп түсінеді. Тән құмарлықтарын қандырамын деп жүріп күнәлі істерге де барады. Өйткені, көп күнәлар адамның қалаған нәрсесі болмай қалған кезде жасалады. Нәпсісі қатты қозғанда, көзіне ештеңе көрінбей кететін жағдайға душар болатыны сол. Міне, адамға осыншалықты көп зияны болғандықтан, Ислам діні, әлбетте, жалқаулыққа да, онымен тамырлас өзге де кесапаттарға түбегейлі қарсы. Өйткені асыл дініміз жан мен тәннің қажеттіліктерін қатар өтеуге шақырады.
Негізінде, Аллаһ тағала барлық тірі жандарды еңбекке бейім жаратқан. Бүкіл тіршілік иесі тіршілік етуде. Кіп-кішкентай құмырсқа да, алып піл де тоқтаусыз әрекет етіп, өз ризықтарын теруде. Адамға да сондай қабілет берілген. Бірақ оған таңдау еркі қоса берілген. Еңбек етсе де, жалқау болса да, өз еркінде. Сонысына қарай ақиретте сыйын немесе жазасын алады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде кей сахабалар таудан отын шауып әкеліп сатқан. Солай күн көрген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітін тұрғызғанда, бәрі де білек сыбанып кірісіп кетті. Еңбектеріне ақы сұраған жоқ. Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) өзі де қой бағып, ешкі сауды. Етік жамап, сауда жасады. Мұның бәрі еңбек. Намаз оқу, ораза кезінде тарауих оқу, қажылық өтеу – бұлар да еңбек. Мұны жасауға ерінген де жалқаулардың қатарында. Сондықтан болса керек, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Аллаһ тағаладан зиянды нәрселерден пана тілегенде, жалқаулықты да қосып атаған. «Жалқаулықтан Саған сыйынамын» деген. Қасиетті Құранда жалқаулықты екі жүзді мұнафықтардың ісі ретінде баяндаған. «Ниса» сүресінде былай делінген: «Мұнафықтар намазға тұрғанда адамдарға көзбояушылық жасап, жалқау түрде тұрады. Аллаһты өте аз зікір етеді» ( «Ниса» сүресі, 142-аят). Бұлар асыл дініміздің жалқаулыққа қатысты тұжырымдарының бір парасы.
Жалқау адамның психологиясы да өте ауыр болатыны сөзсіз. Тек қана қызық көріп, ләззат татып үйреніп қалған адам рухани қалай мүгедекке, уайымшылға айналғанын өзі де сезбей қалады. Өйткені қолынан іс келмейді, ешкімге пайдасы тимейді, айналасындағы адамдар сол үшін оны жақсы көрмейді, өз қатарының артында жүреді. Осы секілді жағдайлар қатар келгенде, ол өзін қоярға жер таппай қиналады. «Түзелейін десем, менің жанымды түсінетін ешкім жоқ» деп маңындағы адамдарды кінәлайды. Қысқарта айтқанда, жалқау адамның дәурені осыған ұқсас сипатта өте береді.
Өкінішке қарай, осындай сипат бүгінгі қоғамда кездеспейді деп айта алмаймыз. Жастардан да, орта жастағылардан да, үлкен кісілерден де байқалып қалады. Жалқаулық жас талғамайды. Тіпті кейде мектеп жасындағылардың өзі бір қоғамдық міндет жүктелсе, ат-тонын ала қашады. Біз мектепке жұмыс істеу үшін емес, оқу үшін келдік деп ақылсынады. Ата-аналардың өзі: «Біздің балаларымызды әр нәрсеге жұмсай бермеңіздер»,– деп дау шығарып жатады. Осылайша, өз балаларымызды жанаяр, жатыпішер, бойкүйез етіп өсіреміз.
Ал енді байыппен қарасақ, мектепте болсын, басқа жерде болсын балалардың бір ауық күрек, кетпен ұстап, қыздар қолына сыпыртқы алып, айналасын тазалап, ағаштардың астын қопсытқаннан тек пайда келмесе, зиян жоғы анық. Мектеп – біздің отанымыздың бір бөлшегі. Сондықтан мектепте жұмыстан қашудың орнына, «мен не істейін?» деп қолынан келгенін аянбай жатса қане?!. Жалқау оқушыдан ертең қандай қайыр күтпексің?. Ол ертең есейгенде, жалқау ғалым, жалқау мұғалім, жалқау дәрігер, жалқау экономист болып жатса, одан кім қандай опа таппақ? Тарихты ақтарсақ, қай жалқау нендей қай істі сәтті аяқтаған? Бұл аса маңызды мәселе.
Бұрынғы кездері аталарымыздың «Еңбектен адам өлмейді»деп баласын өмірде кездесетін түрлі жұмыстарға, өнерге, тындырымпаздыққа тәрбиелегенін білеміз. Мәселен, қазіргі беделді, абыройлы кісілердің көпшілігі еңбекпен есейген.
Белгісіз
Астық орып, кетпен шапқан, мал баққан, отын тасып, от жаққан, егін суарған. Мұның бәрі еңбек. Ал қазір ше? Жұрттың бәріне топырақ шаша алмаспыз. Бірақ жанаяр, дайын асқа тік қасық, жалқау ұрпақ өсіп келе жатқан жоқ па деген күдік басым.
Сондықтан ертең еліміз көгерсін десек, бүгіннен бастап, ұл-қыздарымызды еңбексүйгіштікке баулығанымыз абзал
Белгісіз
+1 дауыс
Жалқаулықпен күресу керек !!!
Астық орып, кетпен шапқан, мал баққан, отын тасып, от жаққан, егін суарған. Мұның бәрі еңбек. Ал қазір ше? Жұрттың бәріне топырақ шаша алмаспыз. Бірақ жанаяр, дайын асқа тік қасық, жалқау ұрпақ өсіп келе жатқан жоқ па деген күдік басым.
Сондықтан ертең еліміз көгерсін десек, бүгіннен бастап, ұл-қыздарымызды еңбексүйгіштікке баулығанымыз абзал
Белгісіз
0 дауыс
Ауру,ауру әрине, ауру болғанда да өте қатерлі ауру.
0 дауыс
.Дым истемей жата бергенге ети уйренип кетсе аурудан бурын адет деп ойлаймын.
0 дауыс
Аурудан гөрі әдетке жақын сияқты
0 дауыс
Ауру болмаса да сол дым істемей жалқаулана берсе онда түбі бір ауру боладығой!
0 дауыс
Ауру емес ауруды дәрігер емдейді ал жалқаулықты адам өзі жеңу керек.
0 дауыс
Жалкаулык оте жаман адет.жалкаудын ертен! бтпес дид гооо.жалкау ауруга да адетке де жатады.
...