0 дауыс
велосипедтің үлкен шестернясының 54 тісі бар,ал кіші шестернясының 24 тісі бар. шестернялар алғашқы қалпына келу үшін үлкен шестерня ең аз дегенде неше айналым жасайды?
14.11.2013 2.8k қаралым
Бұл есепті шешу үшін математика оқулығындағы екі натурал санның ең кіші ортақ еселігі деген тақырыпты мұқият оқуыңыз керек. 54 және 24 сандарын қарапайым сандар көбеймесі түрінде жазамыз:

54=2·3³; 24=2³·3. Онда  ЕКОЕ(54, 24)=2³·3³=216.

Енді 216/54=4, 216/24=9 қатнастарынан үлкен шестерня 4 рет айналғанда кіші шестерня 9 рет айналады және шестернялар алғашқы қалпына келеді.

Есеп жауабы: 4 және 9

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы