Шестернялар алғашқы қалпына келу үшін үлкен шестерня ең аз дегенде неше айналым жасайды?

0 дауыс
2.6k қаралым
велосипедтің үлкен шестернясының 54 тісі бар,ал кіші шестернясының 24 тісі бар. шестернялар алғашқы қалпына келу үшін үлкен шестерня ең аз дегенде неше айналым жасайды?
Математика
Бұл есепті шешу үшін математика оқулығындағы екі натурал санның ең кіші ортақ еселігі деген тақырыпты мұқият оқуыңыз керек. 54 және 24 сандарын қарапайым сандар көбеймесі түрінде жазамыз:

54=2·3³; 24=2³·3. Онда  ЕКОЕ(54, 24)=2³·3³=216.

Енді 216/54=4, 216/24=9 қатнастарынан үлкен шестерня 4 рет айналғанда кіші шестерня 9 рет айналады және шестернялар алғашқы қалпына келеді.

Есеп жауабы: 4 және 9

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы