+3 дауыс
966 көрілді
СЖ сайтында бүгін түнде балл жүйесі толықтай жаңартылатын болады. Яғни қолданушылар бетіндегі жиналған балл саны өзгеруі ықтимал. Алдын жоғары және төмен дауыс бергенге 3 балл жүйесі істейтін еді. Енді балл жүйесі 1-ге азаяды. Яғни бүгінен бастап балл қою жүйесін ретке келтіріп толық, әрі нақты балл жүйесі қалай жұмыс жасайтындығын ертең осы жазба астында толықтырып өтетін боламын. Сондықтан баллдар саны азайып жатса айып етпеңіздер. Мен ешкімнің баллын алып қоймаймын, осы уақытқа дейін жиналған баллдың нақты саны шығатын болады.

Және де бұл жаңартулар алдағы уақытта сайтта болатын жаңартуларға дайындық іспеттес болмақ. Себебі бүгін түнде балл жүйесін жаңартқан соң жаңа хостингке ауысып қалуымыз ықтимал. Яғни түнде 12-ден кейін сайтымыз 1-2 сағат бойы істемей тұруы мүмкін. Ертеңгі күнге дейін сайт толықтай жұмыс істеп тұратын болады.

Балл жүйесінің қалай бағаланатындығы туралы ақпаратты ертең осы сұрақтың астында толықтырып жазып шығатын боламын. Рахмет.
Осы біздің СЖ-ның орысша нұсқасы бар екен. Сондағы балл жүйесі дұрыс қойылмаған-әу сірә?... Немесе Админі өзіне көп балл қойып алған ))
http://www.voprosof.net/users

4 жауап

+3 дауыс
Ертең баллдар көрсеткіші азайып кетсе қолданушылар қобалжымасын деген ой ғой. Ешкім одан зардап шекпейді. Ұпай барлық қолданушыларға бірдей көлемде( пропорцияда) қысқарады.
+2 дауыс

Иә дұрыс-ақ екен. Балл азайса ештеңеміз кетпейді...

+1 дауыс
Ертендері мынадай сұрақтар қойылатын шығар!МЕНің балым азайып қалыпты бұл қалай? Т.Б сияқты!
Мына сұрақты көре тұра қоймайтын болар...
+1 дауыс
Сосын телефонмен отырғанда балл қоятындай етіп қояса жақсы болар еді, көбінесе телефонмен отырамын балл қоя алмаймын.
Мен унемi телефонмен кiремiн,бiрак мен томен,жогары дауыс бере алам.
Жақында ауыстырды ғой Тура.
Мен ауыстырмай тұрған кезде де дауыс бере алғанмын.
Себебі УЭС браузермен дауыс беріле алады. Менде солай еткенмін.
...