+1 дауыс
452 көрілді
Қазіргі кезде сайтта мынадай жүйемен балл жинау қарастырылған. СҰрақ қойғанға +3 бал Жауап бергенге +5 балл. Өзіңіздің сұрағыңызға жақсы жауапты таңдасаңыз +5 балл қарастылылған. Енді сол сұрақ қойғанға -5 бал қылып өзгертсем қалай қарайсыздар. Бірақ айта кетейін бүкіл балдарыңыз өзгеріп кетеді. Себебі сайт балл жүйесін өзгерткен соң қайта есептеп шығады. Тек сұрақ қойып балл жинағандардың рейтингісі түсіп кетеді. Қазіргі кездегі орындардың барлығы өзгеріп кетеді. Егер түсіністікпен  қараймын десеңіздер өзгертуге болады. АЛ болмайды десеңіздер ештенкені өзгертпеймін осылай тұра береді. Ойларыңызды айта отырсаңыздар!
Сұрақтың жабылу себебі: Уайымдамаңыздар. Сіздердің пікірлеріңізді біліп сайтта, Балл жүйесіне ешқандай өзгеріс енгізілмейтін болды. Пікірлеріңізге рақмет!

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
-5 көп сияқты ғой, сұрақ қойғанға -2 немесе -3 болса
Сосын жауабы жақсы болып таңдалған қолданушының баллын көбейтсе)
Және 5 рет қатарынан жақсы жауап берсе қосымша балл қосылатын болса)
Сонда барлығы ізденіп жауап береді ма деген ой ғой.
П.С: Сайт жақсы деңгейге көтеріліпті, енді байқап отырмын)
+2 дауыс
Меніңше Сол сұрақ қойғанға -5 бал қылып өзгертсеңіз,сұрақ қоюшылардың қарасы көрінбей қалмайма және қазір сайтта кейбірі болмашы,мән-мағынасы жоқ сұрақтар қойып, балл алып,атақ дәрежесін көтеруді ойлайды...Оданда -5 орнына сұрақ қойғанға 2бал,жақсы жауап басқанға да 2 балл берілсе.Сол кезде тиімді сияқты
+2 дауыс
Еш өзгерусіз қалсын! Баллдан бұрын қатесіз және ҚАЗАҚША жазғаны керек.
сізге қосыламын...))-5 балл қоятын болсаңыз,ешкім сұрақ қоймай кететін шығар..сұрақ болмаса жауап та болмайды..осылай тұра бергені орынды меніңше..
Көркем жазу керек келісем бірақ МІНДЕТТІ емес
Неге міндетті емес? Егер бір-екі айтқанға қатесіз жазу қойылмаса сұрақтарды ескерусіз өшіретін боламын. Ұмытпаңыз!
+2 дауыс
Сайтқа жаңа тіркелген қолданушылардың көбісі мынадай сұрақ қояды: Мен қашан +,- бере алам деген сияқты, Егер сұрақ қойып - 5 алатын болса оларға сайт қызықсыз болып қалмайма? Егер нақты солай жасайтын болсаңызсұрақ қойғанға +1 н/е бал бермеу керек (-5 тым көп) !! Мүмкін осылар қалғаны да дұрыс шығар !
------------------------------------------------------------------------
+2 дауыс
-5 балл көп сияқты. Осылай тұра берсе еш зияны жоқ.
+2 дауыс
Админ өзгертпей ақ қой адам қашып кетеді
+3 дауыс
Минусқа тыққыңыз келе ма?))) онда қызық болады, алғаш тіркелген адам сұрақ қойса минус болып тұрады:)
Жалпы осылай тұра бергені дұрыс-ау деймін, себебі олай бола берсе сұрақ қоюшылар сиреп қалады.
Артық қыламын-деп, тыртық қылмасаңыз игі!
Сонда сайтта барлығы балл үшін жүреді ме?!
...