+1 дауыс
7.3k көрілді

"Елбасым" тақырыбына шығарма керек.

1 жауап

0 дауыс

Елбасым

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым.
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткөл дүние әлемін сілкіндіріп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін.
Елбасым, ер жүректі, ер мінезді,
Елімді айналдырған гүл күмбезге,
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасшысы,
Жарқыраған қазағымның күні емес пе?
Қазағымның жарқыратқан маңдайын,
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым,
Қақтырған талай дүниенің таңдайын.
Мен мақтанам Елбасыммен әрдайым.

Мен Елбасыммен мақтанамын.Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жетер еш елде президент жоқ деп айта аламын. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында Қазақстанның абыройын көрсете алды. Сонымен қатар ол ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында қазақстандық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болды. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.

Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды». Бағзыдан бүгінге жеткен бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, кеткен есемізді қайтарып, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі ұраны – Президент пен халықтың біртұтастығы. Біз қазіргі таңқаларлық жетістігімізді одан әрі баянды етуге ұмтылсақ, өзіміздің және келер ұрпақтың тағдырына сенімді болғымыз келсе, Қазақстанды Орталық Азияның ғана емес, еуразиялық ұлан-байтақ кеңістіктің қуатты да беделді мемлекеті ретінде көруді қаласақ, ішкі бейбіт өмір мен ұлттық рухани гүлденуді таңдасақ, жаңа ХХІ ғасырдың төріне Елбасымен бірге қадам басуға тиіспіз. Бұл қазіргі зымыран уақыттың талабы. Бұл – өркендеген, талғампаз да зерделі халқымыздың талабы. Бұл – барды бағалай білген, асылын ардақтай алған көкірегі ояу барша азаматтың мұраты.
Абзал ағамыз Бәйкен Әшімовтің: «Екі тізгін бір шылбырды қолына еркін бергеннің арқасында, ел бастаған еріміз деп бүкіл халық боп сенгеннің арқасында, азаматымыз алға апарады деп соңынан ергеннің арқасында Нұрсұлтан Әбішұлы елдің көшін бір белестен бір белеске биіктетіп алып бара жатыр. Ана талапты сақтаймыз, мына жердің көңілінен шығамыз деп жүріп, саяси тартыстарды қолдан ұйымдастырып, көш қарқынын қолдан кідіртетін, ...халықты текке ырың-жырың ететін, жасампаздық істен алаңдататын қадамдардың ешқайсысының да қажеті жоқ. Елдің тізгіні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында барынша ұзақ болуы үшін біз қолда бар мүмкіндіктердің бәрін де жасауымыз керек ... Тоқсаннан жасы асқан мына маған енді ештеңенің де керегі жоқ. Тек елдің тыныштығы, жердің бүтіндігі, елдің мерейі керек. Соның бәріне халқымызды жұмылдыратын , алыс асқарларға ұмтылдыратын Азамат бізде бар. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен біздің алар асуларымыз әлі алда. Елбасымыздың бергені көп, берері одан да көп. Ендеше, азаматтың тілеуін тілейік»- деген сөзінде Елбасына деген үлкен сенім жатса, халқына Елбасына қолдау көрсету керектігін аманаттағаны анық көрініп тұр.

Кейбіреулер ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аттың үстінен түспей ел, жер тұтастығын қорғап, армандап өткен тәуелсіздікті бүгіндері бағаламай, есіктен өзі кіріп келгендей сөйлейді. Бұл жақсылық емес. Тәуелсіз ел болу бар да, тәуелсіздікті баянды ету бар. Ешкімге бодан болмағанымен терісі сүйегіне жабысып, үрерге ит, сығарға биті жоқ, аш-жалаңаш отырған мемлекеттер көп. Біз осындай ауыр кезеңге соқпай өттік.Тәуелсіздік алдық дегеніміз болмаса көптеген елге кіріптар едік. Сол кезеңдерде Елбасымыз “мұның бәрі уақытша қиындық. Өтеді де кетеді. Қазақстан әлемдегі қуатты мемлекеттердің бірі болады Маған сеніңіздер” дегенде қиял-ғажайып ертегісін тыңдағандай халде болғандар бар.

Тәубешіл халқымыз алдағы күндерге сенгенімен бүгінгідей бақуатты өмірді көз алдына елестете алмайтын еді.ТМД елдерінің ішінде тез ес жиған, экономикалық қуаты еселенген, тамырын тереңге тартқан алып бәйтеректей мығымдала түскен мемлекеттердің бірі Қазақстан болды. Бодандық қамытын сыпырғанда қазынасында көк тиыны болмаған Қазақстанның қазір Ұлттық қорында 60млрдқа жуық доллары бар. Бұл көршілес елдердің түсіне кірмейтін байлық. Өңірлер өсіп, өркендеп келеді. Оны өз облысымыздан да көріп отырмыз. Кеңес Одағы дәуірлеп тұрған кездің өзінде шеше алмаған күрмеулі мәселенің түйіні қазір ағытылып келеді. Барлық керек жарағы сай, компьютерлер мен озық технологиялармен жабдықталған небір жаңа мектептер мен ауруханалар беріліп жатыр. Жұмыс жасаймын деп талпынған адамға байлыққа кенелетіндей жағдай жасалған.

Ауыл шаруашылығы өсірген мал, еккен көкөніс, жеміс ағаштары, тыңайтқыштары үшін мемлекеттен субвенция алып жатыр.Осыдан он-он бес жыл бұрын Қазақстанның атын естімеген мемлекет көп болса, қазір мемлекетімізді бүкіл әлем таниды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Еуропа төрін ұсынды. ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті арқылы әлем Қазақстанды саяси зерделі ел ретінде таныды. Астанада өткен Саммит әлемдегі талай күрмеулі мәселелердің түйіні тарқатылатындай жұмыс жасады. Өркениетті елдердің президенттері үлкен баға берді. Қазақстандай қуатты мемлекеттің болашағына сүйсінді.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың тең құқылығын, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етті. Қазақстандағы этносаралық келісім моделі де елімізді бүкіл әлемге үлгі етті. Сауал салудың рейтингі көрсеткендей, Назарбаевтың шоқтығы биік.

Негізінде демократиялық биліктің мәртебесі емес, оның тиімділігі маңызды. Қазақстан осы бағытпен келеді. Әлеуметтік жағдайларға байланысты елден жырақ кеткен қандас бауырларымыз бүгінде ғаламның түкпір түкпірінен Елбасының шарапатты саясаты арқасында атамекеніне көптеп орала бастады.
Елбасы басшылығымен қаржы дағдарысының өзінде мемлекет халықтың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын нығайту үшін барлық мүмкіндікті жасап отыр. Жастығына қарамай 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, әлем таныған тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі қоғамдық-саяси дамыған мемлекет екенін мойындатты. Кәрі құрлықтың төрінде отырып, төрелік айту Тәңірдің қазақ халқына жасаған сыйы. Осылайша, Тәуелсіз ел болып іргемізді бекітіп, шаңырағымызды көтерген жылдар ішінде алынған асулар мен жеткен биіктер аз емес. Қазақстан келер жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық жасайтын болады.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде жас мемлекетіміз қалыптасып, тұрақты даму жолына түсті. Еліміз көпұлтты әрі көп дінді мемлекет болғандықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси тұрақтылықтың басты кепілі – ұлтаралық және дінаралық ынтымақты үнемі назарда ұстауда.

Қазақстан Республикасы Президентінің бүгінгі таңда әлемдегі дағдарысқа мойынсұнбай, экономикасын шайқалтпай, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша шаралар қабылдап, көрегенді саясат ұстанып отырғаны, тәуелсіз Мемлекет басшысының кемеңгерлігін көрсетсе керек.
Елбасы толық аумақтық тұтастықты сақтау арқылы тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтты. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті қалыптастыру арқылы Қазақстанды ынтымағы жарасқан, достық атты теңдессіз құндылыққа сүттей ұйыған, тілегі де, жүрегі де бір ұлттардың сәулетті отанына айналдырды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі даму қорларын ұлғайта отырып, ашық нарықтық экономикаға негізделген үдемелі экономиканы өрістетті.
 

Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін. Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін, әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мың да бір рахмет айтамын.
Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!

Дерек алынған бет.

Мына сілтемеде дайын шығармалар бар.  Немесе осыған ұқсас сұрақты көр.

 

 

Ғасыр адамы туралы                               

Н.Назарбаев — керемет сәулетші

                                                                                       Маргарет Тетчер

Дайындалып жатырды кең майдандар,

Қан ағызар бұлақтай соғыстарға.

Тағдыр деген толы ғой тосынсыйға,

Жақсы ырыс пен жамандық тоғысарма?

 

Болсақтағы бодандық боранында,

Бағы бар ел едік біз АЛЛА білген.

Жүрсекте өзге соғыс орамында,

Туылыпты бір жұлдыз АЛЛА берген.

 

Ұлы Отан үшін деп ұрысқанда,

Сол жұлдызың бала бопты ес білмеген.

Жеңіс туын көтердік ұрыстарда,

Сұм соғыста кесапат кескілеген.

 

Жылдар өтті сағаттан тағат озып,

Бір перзент келді қазақ ғұмырына.

Ер халқым азттыққа қолын созып,

Тұрды биік тәуелсіздік тұғырына.

 

Содан бері жиырма бір жыл зулап өтті,

Талай белес бағынып бойымызға.

Президентіміз бақ болған перзентіміз,

Елу елдің бірі болу ойымызда.

Нұры болған қазақтың Нұрағасы

Астанасын халықтың салып берді,

Ниет қылып туған елі сұрағасын,

Қалағанын халықтың алып берді.

 

Төрінен орын алып түріктердің,

Қазақтың мерейін бір асқақтатты.

Айыр қалпақ ағайын қырғыздарға

Көмек қолын созудан бас тартпапты.

 

Еділменен Ертістің аралығы

Кең байтақ жер, мұнайлы Жайық мекен.

Алаштың ардақтысын Нұрсұлтанын,

Арыс десек, ағайын, айып па екен!?

 

Арбаның дөңгелегі алда болар

Қайда болса, артқысы сонда болар.

Түзу жолды таңдаған көшбасшымыз,

Ендеше бұл қазақтың жолы болар.

Алынған бет.

...