0 дауыс
11.0k көрілді
Дулат Бабатайұлы туралы жоспарды қалай құруға болады?

1 жауап

+1 дауыс
Кіріспе - кіріспеде қазақтың жалпы жыраулық өнеріне тоқталып кетіңіз
Дулат Бабатайұлының өмірбаяны  өмірбаяны туған жылы т.б. дегендей
Дулат жырларының негізгі тақырыптары - бұл жерге оның өмір сүрген кезін де кірістіруге болды, яғни хандық дәурдің аяқталуы т.б.
Шығармашылығындағы ерекшеліктер - өлеңдері жайлы айтып кетіңіз
Қорытынды - қорытындыға мынаны жаза сал:
Қорыта айтқанда, Дулаттың творчествосының екі жағы бар: қазақтың жеке хандық құрған замандарын аңсаушы феодалдық көзқарас. Екіншісі - өз халқын сүюшілік, оның аға сұлтан, тағы басқа ел басқарушы топтардың қаналуында екендігін көріп, оған жаны ашуы, езушілердің зұлымдықтарын көпшілікке әшкерелеп, батыл сынауы, өз кезіндегі шындықты көрсетуі. Міне, осы жерден оның творчествосында қайшылық пайда болады. Екеуі де Дулат шығармаларында сәулесін қалдырған.
 Елінің қиындықтан, ауыр жағдайдан қалай құтылуының дұрыс жолын тауып бере алмаса да, халықты кімдердің және қалай езіп отырғанын реалдық түрде көрсетіп беруінің көпшіліктің ой-санасын оятуда мәні үлкен.
 Сонымен қатар ол - өз кезіндегі әдебиеттің, оның поэтикалық тілінің дамуына елеулі еңбек сіңірген адам. Осы жайттардың жиынтығы Дулатты әдебиет тарихына енгізуді және әлі де зерттей түсуді керек етеді.
...