0 дауыс
1.5k көрілді
Мектептегі жаңа жылды қалай ерекше етіп өткізуге болады? Ерекше өткізілген жаңа жылды көрсеңіздер немесе өздеріңіздің ойларыңыз болса айтыңыздаршы өтінемін?? Және жаңа жылда қандай ойындар ойнауға болады??

1 жауап

0 дауыс
Әдеттегідей 2 жүргізуші, бірақ ресми түрде емес, қарапайым, еркін жүргізуі шарт. Сосын флешмоб ойластыруға болады. Сонымен қатар жиналған сыныптар арасында байқау ұйымдастыруға болады. Мысалы, "ең әдемі үстел" (безендірілген, шыршасы бар деген сияқты), "ең үздік киім үлгісі" (әрбір сыныптың өзіндік бір киім үлгісі болуы керек, мысалға бір сынып микки маустың бейнесін, енді бірі гномдардың киімін киеді). Ойындарға келетін болсақ, қыздар мен ұлдарды жарыстыратын мынадай ойын бар:6 қыз және 6 ұл шығады. Ұлдар мен қыздар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әрқайсысы нешінші тұрса, сол санмен аталады. Яғни сіз бірінші тұрсаңыз "бір" дегенді сіз және сізге қарама-қарсы тұрған ұл қарауы керек. Сосын жүргізуші ортаға кәмпит тастайды да, бір санды айтып қалады. Тек сол сан иелері ғана кампитті алуға ұмтылуы керек. "Алты" десе, алтыншы тұрған ұл мен қыз кампитке таласады. Сөйтіп жалғаса береді. Ең соңында қыздар мен ұлдардың тобындағы жиналған кампитті санайды. Қай жақта кампит көп, солар жеңіске жетеді.
...