Иә, бұндай ойлар адамға тек кедергі жасайды, өте жаман дүние. Менде де кейде осындай болады. Тек менде емес, көпшілікте де бар деп ойлаймын.
1. Сізге өз-өзіңді бағалауды көтеретін кітаптар көп оқуды кеңес беремін. Олардың пайдасы тиеді.
2. Жаман болып көрінуден, қателесуден ешқашан қорықпаңыз. Қыз сізге жоқ деп айтатын болар дейсіз, бірақ сіз тырысып та көрген жоқсыз. Әрқашан тырысуды тоқтатпаңыз, көп мүмкіндіктің бірі сәттілік әкеледі. Сәтсіз мүмкіндіктер сізге сабақ болады, сондықтан тырысу, қай жағынан алса да, өте пайдалы.
3. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз, тараныңыз, бояныңыз, әдемі болып жүріңіз. Сіз өзіңізді төмен санасаңыз, басқалар сіз туралы не ойлайды?
4. Әрине, реалисті түрде қарасақ, біз - дүнедегі ең мықты/идеал адам емеспіз. Менің орнымда басқа болса, бұны жақсы істейді деп ойлаймыз. Сондықтан тек оптимисті түрде ойлаңыз, өзіңізді болашақтағы/арманыңыздағы адамдай елестетіңіз, өзіңізді сол адаммын деп ойлаңыз. Солай өзіңе деген махаббатты арттыруға болады.
ps: Мен өзімді ұнатамын. Мен - ең мықтымын. Мен бәрін жасай аламын. Осы сөздер әрқашан ойыңызда жүрсін. Өзіңізді ұнатуды қазірден бастаңыз. Пікірге өзіңізді ұнататыныңзды жазыңыз) Сізге мотивация беріп жатырмын)