0 дауыс
3.5k көрілді
Мұрат Мөңкеұлының түрлі түсті Ақыр заман ақыны суреті керек?

1 жауап

0 дауыс

Мұрат Мөңкеұлы — «зар заман» ақындарының ірі өкілі Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысының жырауы, көрнекті ақын Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен қызметі суреттелген. Оның жас кезінде өз заманының көптеген ақындармен айтысқа түсіп, əдеби шеберлік мектебінен өткендігі көрсетілген. Ақынның туған жерге деген махаббатты жырлап, көптеген өлеңдер, толғаулар, арнаулар шығарғандығы туралы айтылған. Өзінің өлең-толғауларында Мұрат жырау бай жəне батыл жігітті, бойжеткен қалыңдықты, қаршыға қосып аңға шыққанды, өмірдің қысқалығын, күйбең тіршіліктің өзгергіштігін жырлағандығы баяндалған. Халықтың ауыр жағдайын, өз күдігін, арман мен үмітін суреттеген ақынның маңызды шығармаларының бірі «Үш қиян» дастанына айрықша көңіл бөлінген. Қазақтарды рулық жікшілдіктен аулақ болуға шақырған «Сарыарқа» толғауына, сондай-ақ қазақ батырларына арналған «Қарасай-Қази» жəне «Қазтуған» поэмаларына сипаттама берілген. Мұрат өз шығармаларында көптеп қолданылып жүрген өлең пішіндерін шеберлікпен қолданғандығы, психологиялық сипаттамаларда шыншылдық пен нақтылыққа ұмтылғандығы, əдеби тілдің дамуына үлес қосқандығы туралы қорытынды жасалған.

...