+1 дауыс
647 көрілді
Бөлек шыққан бір ағам былтыр сарай салмақшы болды. Цемент алдырып, жоспарын сызып шапқылап жүрген. Бірақ уақыт өте жым-жырт тыныштык орнады үйлерінде. -Аға , сарай салмайсыз ба? -дедім. -Жеңгеңнің аяғы ауыр екен ,бір жолдас балам айтады:-аяғы ауыр әйел бар үйде жөндеу, құрылыс жұмыстар жүргізуге болмайды деп. Сіз осындай ырым естігенсіз бе?!

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Аяғы ауыр әйел бар үйде құрылыс жұмысын жүргізсе келіншек бала тастап қояды деген ырым бар.
+1 дауыс
Аяғы ауыр әйелге ауыр жұмыстар істеуге болмайды.Ол балаға зиян.
Менде солай ойлаймын ғо
Сұрақты түсініп оқығандарыңыз жөн болады. Сіздерден "аяғы ауыр келіншек құрылыс Жұмыстарын жүргізуге бола ма?" - деп емес, "Аяғы ауыр келін бар үйде құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмай ма?" - деп сұрап отырған жоқ па, ойлансаңыздаршы. Аяғы ауыр келіншектің жұмыс емес декретке шығатынын Көркем білмейді дейсіздер ма?
+1 дауыс
Көркем қыз! Жүкті әйелге ауыр жұмыстарды істеуге болмайды.
+1 дауыс

Үй тіршілігінде әйел баласының қарап отыра алмайтыны белгілі емес пе, ағаңыз осы жағын ескерген ау деймін. Өзім жоқта көмектесемін деп жұмысқа араласып кетеме, сөйтіп денсаулығына нұсқан келтіріп аламыз ба, балаға зияны тиеме деген ойлармен сақтанған болар. Не де болса жақсы ниеттен туған ой екен, ал былайша халық арасында ондай тиым, ырым бар екенін естімеппін.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
+1 дауыс
6 жауап
Белгісіз 13.09.2014 Қызық сұрақтар сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...