Сіздің сұрағыңызға мен "иә" деп нақты әрі сенімді айта аламын. Өйткені обои (әсіресе, моющий), пластикалық терезе сияқты заттардың бәрі жасанды. Олар химлабораторияда жасалған заттар. Ал, табиғи заттардан жасалғандардың бәрін лақтырып жатыр (мысалы: ағаш терезе). Бәлкім, ол "современно" шығар, бірақ түк пайдасы жоқ. Қазіргі пластикалық материалдардың бәрі улы. Олар адамға бірден әсер етпейді, бірақ ақырын-ақырын біздің организмімізді жаулап алады. Күнделікті өмірдің өзінде біз әр түрлі спрейлерді (шашқа арналған лак, дезодорант, т.б.) себеміз. Бұлар да зиянды, өйткені олар шағаратын газда фтор көміртегі бар. Түрлі өндіріс қалдықтары атмосферамызды ластап болды өзі. Енді, ең құрмағанда, үйімізді зиянды заттардан аулақ ұстайықшы.