+2 дауыс
1.0k көрілді
Қайғы мен қуанышы қарбаласқан өмір атты керуеннің жолаушысы еткен...ақ-қараны үйретіп..өзінде жоқты берген ата - анамызды қаншалықты қадірлеп жүрміз?көптен бері осы ойдың қоршауындамын..бүгін өздеріңізбен пікір алмасу ниетінде жазып отырмын..әлеуметтік желілерге кіргенімде байқайтыным..көп мәселе сезім негізінде...агентке кірдім..достар таптым..статустарын оқысам..жүрек қояды..қыздарда жігіттің..ал жігіттерде қыздардың есімдері..анашым..әкешім деп қойған жан өте сирек..достарым ата-анам мені түсінбейді дейді..неге деп сұрасаң..жауабы тағы да махаббат мәселесінде...Сіздер күніне ата-аналарыңызға қаншалықты жылы сөздер айтасыздар?Пікір..жауаптар жазсаңыздар..біріңіздің өткеніңізден сабақ..ал енді бірден ғибрат алар едік..
Әке-шеше әлемдегі барлық жақсылыққа лайық, не істесең де артық етпейді. Алланың саған қалай қарайтынын білгің келсе, өзіңе ата-анаңның көзімен қара. Әке-шешең сені сүйсе, Аллаһ та сені сүйеді.

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ата-анасы ерік берген сайын, қалауын орындаған сайын әрбір бала мінезі өзгереді. Ата-анасына "сен" деп сөйлейді, жауап қайтарады, салғыласады, құрдастарымен сөйлескендей сөйлеседу, мінін бетке тағады. Ал қайта анасының қолғапқа жарымай оның орнына өзіне шарф әпергенін құрметтейтін кісілер саны аз. Анаңыз өзі ештеңеге жарымаса да "балаларым ештеңеден кемшілік көрмесін" деп күні-түні  көз ілмейді, әке "жұбайым мен балаларым жұрттан қалмасын" деп қамын ойлайды. Соңғы тапқанына үйге нан, немесе саған оқу құралын әкелсе де сенің қамыңды ойлайды.

Қазір ата-анасына "сіз" дейтіндер аз, олардың айтқанын заң көретіндер де аз. Бұл - менің ойым.

0 дауыс
Ата-ананың орны мүлде бөлек қой,мен ата-анамды ерекше жақсы көремін.Жылы сөзді үнемі айтам,себебі олар соған тұрарлық адамдар.Менің айтып өтетінім ата-аналарыңызды қадірлеп өтіңіздер!
0 дауыс
Менде ата-анамды жақсы көремін.Өте қатты.Оларды құшақтап алып ,әлі кішкентай баладай еркелетші деп отырып аламын,еркелеймін,олардың айтқан ақылын тыңдап өсіп келе жатырмын.Құдайға Шүкіршілік етемін ата-анамның барына!!!!!!!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
Менің 4 жасымда әкем дүниеден өтті. Сондықтан әкем еміс-еміс қана есімде қалыпты. Үйде жалғыз қыз болғандықтан мені ерекше жақсы көретін еді. Біраз уақытқа дейін әкемнің дүниеден өткенін түсінбей жүрдім. Кішкентаймын ғой, ондайды қайдан білейін... Күнде анамнан "Әкем қашан келеді ,қайда кетті?" деп сұрай беретінмін. Сонда анам үнемі сабырмен ештеңе білдірмей "Жақын арада келеді, саған қуыршақ әкеледі" деп жауап беретін. Әбден төзімі таусылды ма, бір күні "Әкең ешқашан келмейді, өлген" деп айқай салған еді. Сол кезде анама қатты ренжіп қалған едім. Есейе келе қайта-қайта әкем жайлы әңгіме қозғап, анамның жүрегін ауыртқанымды түсіндім. Содан бері әкем де, анам да бола білген анамды бақытты етуді ғана ойлаймын. Өз қатарластарыма да ата-аналарымызды ренжітпей, үміттерін ақтап, бақытқа бөлеп жүрейік дегім келеді. Себебі, әрбір ата-ана, әсіресе, бізге өмір сыйлаған асыл аналарымыз бақытты болуға лайықты.
0 дауыс

Әке-шеше әлемдегі барлық жақсылыққа лайыҚ

...