Құрбым бір жігітті ұнатып қалды. Айтуы бойынша "шын ғашық" болып ,"шынайы махаббатын" жолықтырыпты. Әңгімелесе қалсақ тек сол жігіт туралы әңгіме айтады. Тел көтермесе, жылап жіберген кездері де болды. Бірақ арада үш ай өтер өтпес ол жігітпен айырылысып кетті. Қиналды әрине басында. Бірақ қазір бәрі жақсы. Басқа бір жігітпен танысып алды . Маған ұнайды ол деп қояды. Ұзағынан сүйіндірсін деймін мен. Сондай ыстық сезім қалай тез сөніп қалды екен?! Тек менің құрбым емес, көптеген жастардың сезімдері тұрақсыз қазір. Бір кемшілігін байқаса, не басқа жігіт -қызбен салыстырып айрылысып жатады. Кемшіліксіз адам болмайды. Ыстық сезімді қалай сөндіріп алмауға болады? Шынайы ғашықтар қандай болу керек? "Өткінші сезімді" қалай ажырата білу керек?