+7 дауыс
2.0k көрілді
Менің бұл сұрағым маған жараспайтын да шығар. Бірақ мен де адам екенмін, нақтырақ көкірегімде жаны бар пенде екенмін. Сұрағым былай болып тұрғаны. Енді бірге болу мүмкін емес екендігін біліп тұрмын. Бірақ ол жаннан кету тым қиын, мүмкін болмай тұрғаны. Бірақ оған деген қатты ыстық сезімді, суық сезімге айналдырғым келмейді. Мейлі бірге болмасақ та, оған деген суық сезім қалыптастырмай оңай бақыт т ілеп ұмытып кетуге болады ма?

7 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Ербол, махаббатсыз дүние бос екені рас. Әрине, сүйген адамыңыз сүйікті болып қасыңызда жүрегніне не жетсін. Бірақ өзіңізді сүймейтін адам үшін өміріңізді қор етудің қажеті жоқ. Бос қиялға беріліп, текке мүжілудің де керегі шамалы.
Алғашқы махаббат, ия алғашқы махаббаттың тәтті болатыны рас, сонымен қатар ащы да. Біз бәріміз шын көңілмен терең махаббатты іздейміз. Өзіңіздің жаныңыз қалаған адаммен қарым-қатынас жасай келе, оған деген ішкі сезім-иірімдеріңіз оянып, дами бастайды. Егер екеудің қарым-қатынасында қиыншылықтар, түсініспеушіліктер, кедергілер кездессе, махаббат - мұңаю, сарғаю, күйіну, күту деп түсінеміз.
Иә, пәлсапа соғып кеткен шығармын, бұл да болса махаббатың түп төркініне аз да болса үңілуім шығар. Сұрағыңызға келер болсақ, айырылыспақ екенсіз, яғни бірге болу мүмкін емесіне көз жеткізіпсіз. Қыз бас тартса демек себебі болған шығар. Мен ол қызды түсінемін. Одан кету - оны қарғап кету деген сөз емес, рас қанша айтқаныңызбен де жақсы көретін адамыңызды оңай ұмыта салу мүмкін емес, ал оған бақыт тілеп, қош айтысу тіптен қиын. Онымен ат құйрығын үзіспей-ақ қойыңыз, достықтан махаббат туар, ал махаббаттан достық тумайды, сол үшін дос болып қалуды ұсынбаңыз, себебі бәрібір де бұл тілегіңіз орындалмайды, оған көрген жерде сәлемдеріңіз түзу болуын ғана өтініңіз. Және бақыт тілеңіз, бақыт демекші.... сіз кімге болмасын не тілесеңіз де алдыңызға сол келеді, осына ойлай келе оған шынымен де бақыт тілеңіз.
Ыстық сезімді суытпай, иә иә сіздер айырылысып кетсеңіздер де зардап шегетін арадағы махаббат пен сезім ғана....
Қыз балаға қарағанда ер баланың махаббаты күштірек келеді. Яғни, сізге қарағанда ол қыз оңай ұмытады, себебі қыздардың алданыш етер мүмкіндіктері көп. Қыз бала ретінде сізге айтарым сынған шыны қалпына келмейды, бәрі бұрынғыдай болмайды, осыны ойлай жүріп оңай ұмытуыңызға болады. Оны бәрібір жүректе сақтағаныңызбен пайда жоқ, ол да сізді сүйіп, қимай, еміреніп тұрмаған соң...
Ұмытуға келсек, бәрібір де ұмыта алмайсыз. Себебі, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды, тек қана ойламай жүруге болады. Сіз оны ұмытамын деген сайын соғұрлым ұмыта алмайсыз. Ал ойламауға тырысқыңыз келсе, жалғыз қалмауға тырысыңыз, адамдармен араласыңыз, көңілді ортаға жиі барыңыз. Ұмытпаңыз, ойлай беріңіз, қанша ойлағыңыз келсе сонша ойлаңыз. Өзіңіз де айтып отырсыз, енді бірге болу мүмкін емес деп, демек сіз қанша ойласаңыз да нәтиже жоқ екенін білесіз. Сол айтқандай ойлай-ойлай өзіңіз де жалыға бастайсыз, уақыт өте келе ойламайтын боласыз. Иә, оны кездестірмей тұрғанда қандай ойда едіңіз, дәл сол кезге ойша оралыңыз. Сіз ол кезде оны танымайтын едіңіз, оған жақсылық та, жамандық та тілемейтінсіз, неге? Себебі сіз оны танымайсыз! Міне, осылайша сіз оған жамандық тілемеі-ақ ұмытуыңызға болады. Иә, сіз оны танымайтын бір кездегі  Ерболсыз!
 Сондай-ақ, өзге жанды ұнатқыңыз келсе араға біраз уақыт салыңыз, және оны алғашқыңызды ұмыту үшін деп пайдаланбаңыз. Себебі ол да адам баласы, оның да жәй себеп болғысы келмейді, егер ойыңыздың сондай екенін білсе сөзсіз ренжір еді, иә қатты ренжір еді. Сондықтанда келесі кездескен қызбен шынайы араласыңыз, оған өткеніңізді айтудың керегі жоқ. Кім болса да қызының немесе жігітінің тек өзін ғана жақсы көріп, бұрынғыңызды жүрегіңізде сақтағаныңызды қаламайды.
Ендігі өмірде ләжі болса, махаббатыңызды ешкімге де арнамай сақтағаныңыз абзал. Себебі арнаған махаббатыңыз тағыда жауапсыз болып шықпасына кім кепіл? Ал жүректегі махаббатыңызды уқыты келгенде босағаңызды адал аттаған жарыңызға сыйласаңы да кеш қалмайсыз.
Мұның бәрі неге менің басымнан өтіп жатыр? Неге ылғи менің жолым болмайды? - деп ойлайтын шығарсы, иә бұл қалыпты жағдай. Бұл сізді Аллаһтың сынау деп біліңіз. Өмірден сабақ алып, емтихан тапсырдым деп ойлаңыз. Өмірден сабақ алған адам енді түзу жолдың өзін аңдап басады....
Сіздердің жолдарыңыз тоғысқан жоқ, демек ол сіздің бақытыңыз емес, уақыт өте келе сіздің оған көзіңіз анық жететін болады.
Иә, оған бақыт тілеңіз. Бақыт тілеңіз.....
.
ЫЫЫЫ ұзааақ жазыппын. Ойымды түсіндіре алдым ба екен.......
Сен ғажапсыңғо Көркем жан, тамаша әр сөзіңнің барі көркемғо,ғажап айтарға сөз жоқ............ керемет жауап....
муахахааа саған не жоқ)))) сен менен де өткен көркемсің ғо))))))
сайт Көркеминизацияланды.
ыыы негізі флудермін ба деп қалдым, ылғи жүрген жерім у да, шу. Кейде ұрыс, талас (төбелес) (((
ал кейде Тыныштық/жағымды атмосфера/қуаныш. Өмір осынысымен де қызықты. Флудерлікке шектеу жоқ)
ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды............
                                                           Абай
Рас айтасыз көп рахмет сізге Көркем апа
Кереме-е-ет жауап! Жарайсыз, Көркем!!!
+4 дауыс
Админ мырза менің де басымнан дәл сіздікіндей жәйт өткен болатын.Қателеспесем қызыңыздың басқа біреуі бар болар.Сосын сіз сол қызға іштей қатты өкпелісіз дұрыс па?Бірақ оны әлі қатты жақсы көресіз.Мұндайда жағдайда ұмытып кету өте қиын.Менде басында жек көріп кетіп онымен амандаспай,сөйлеспей жүрдім,бірақ түк шықпады.Жүрекке әмір жүрмейді.Егерде ол қызбен көп кездесіп тұрмасаңыз, тырысып көруге болады.Ал күнде көріп тұрсаңыз, ұмыту мүмкін емес!Басқа жанды да ұнатып кету екі талай.:(
+5 дауыс
Ұмыту мүмкін емес. Жүрек соғып тұрғанда, естелік ешқашан өлмейді. Бұл хақ. Ұмыту үшін үшіншіні араластырмаған да абзал. Сырттан сүю де оның өзі бақыт. Ал адам махаббаттың қадірін мұңайғанда, түңілгенде ғана түсінеді. Сондықтан бір қыз үшін өксігудің да қажеті жоқ. Бақытсызбын деме сенде біреудің бағысың. Көркем айтқандай жалғыздықта болмау керек. Осыларды орындап жүрсең ақыр түбінде жадыңнан мәңгіге өшеді ғо. Сенің де қара түнек басқан күндеріңе шаңқай түс беріп бақытты ететін, жүрегіңді жазатын аруыңды да кездестірерсің.
Бақытсызбын деме, Сен де біреудің бағысың. деген сөздеріңіз ұнады. Дұрыс айтасыз! +1
+1 дауыс
Сәзімді суытып оны қинасаң жеңілдеп қаласың. қиналғаның басылады
ыыы қандай оймен айтыңиии, "біреуге ор қазба" керек болса өзі қазып алсын, қинағаны несі, мүмкін ол сенің қарындасың шығар, қуасың....
+5 дауыс
Админ аға бұл сіздің бірінші махаббат санатындағы өзіңіз жайлы сұрақ екен,таңырқап қалдым!Әрине өзіңізді сүймейтін адамның қасында жүріп,өміріңізді қор қылудың қажеті жоқ,өмір де алда уақыт-емші ол қызға тек бақыт тілесеңіз болды,жалпы сіздің махаббатта жолыңыз болсын деп тілеймін!Абай ақын айтқанымыздай;Махаббатсыз дүние бос -Хайуанға оны қосыңдар-дегендей,жүрегіңіз тек жақсылыққа толы болып,махаббатта әрқашан жолыңыз боп жүре берсін!Құрметпен;Төлепова Айсара сізге тілек білдіруші!
+2 дауыс
Махаббат - жұқпалы ауру,
Жұғу жолдары: көз арқылы кіріп, жүрекке әсер береді.
Белгілері; күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ.
Емі; бәрі тек сенің қолыңда.
Өмірге пенде болып келгеннен кейі бәріне төзу абзал. Қазір сіз сияқты қыз балаларды беріліп сүйетін жігеттеріміз кемде кем. Ия бәрі достарымның айтқанына бір ауыздан келісемін.
Сонымен қатар мыныны ұмытпағайсыз;
 Өкпелеме өкінбе өміріңе,
                                                                                    Өмір, өмір болмайды түңілуге,
                                                                                    Мәңгі сені жазбаған сүрінуге.
                                                                                    Хақын бар, қайта тұрып жүгіруге" - демекпін.
Жақсы жауап, Ерке Наз! Жарайсыз! +1
0 дауыс
Озинди озин алдамай шындыкка тике кара
...