0 дауыс
446 көрілді
Ұйқыдағы адамның жан-жағындағы болып жатқан іс-әрекеттерді сезіп, естіп жатуы мүмкін бе? Ондай адамдар әлі де бар ма? Мысалға Қажымұқан осындай адам болған екен. Ұйықтап жатып айналасындағылардың үнін естіп, миға қабылдап, қалаған уақытында оянып кете алатын болған.

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен өзім ұйықтап жатып-ақ бәріне дерлік сезіп жатамын, мысалы теледидардың дауысын тыңдап жатып ұйқыда-ақ кино көре беремін. Ұйықтап жатқанымда біреу қарап тұрса бірден сеземін де көзімді ашып қарап қоямындағы ұйқымды жалғастыра беремін. Қай сағат, қай минутта тұрамын десем еш қателеспестен сол уақытта тұра аламын. Жақсы түс көріп жатып оянсам, қайта жатамындағы сол түсті жалғастырып көре беремін. Кейде сұрақтарға ұйқымды бұзбай-ақ жауап бере саламын. Кейде ұйықтап жатқанымда ойға түскен шумақтарды ояна салып жазып қоямын да, ары қарай ұйқымды жалғастыра беремін, кейде сол кезде әлгі шумақтардың жалғасы да туады. Қызық па?
Қызық. Мен де осындай болсам ғой. ))
Несіне асығасың, кейін сенде сондай боласың. Қазір түк сензбей қатты ұйықтағаныңа не жетсін.
+1 дауыс
Қызық...Негізі ұйықтап жатқан кезде адам бұл әлімнен тысқары қалады.Мидың жұмысы бәсеңдеп тынығу процесі басталады.Ойлау жүйесі қызмет атқармайды.Бүгінгі таңда мұндай адамдар кездеспесе керек.Қазір ұйықтап жатып емес,ояу жүргенде болып жатқан жайыттарды миға әрең қабылдайды.
+1 дауыс
Жоқ демес едім, менің нағашы атам мен әкем сондай кісілер)
иә дұрыс айтасың менің де әкем сондай.
+1 дауыс
Менде сондай жағдайлар болып тұрады.Күнде демей ақ қояйын бірақ анда санда болып тұрады.Бәрін естіп жатамын бірақ тұра алмаймын.Бірақ ол жәй нәрсе сиқтығой.
+1 дауыс
Мен тек дыбысты ғана сеземін.Оның өзі қатты болса.Бірақ оны түсімде көріп жатамын.Мысалы кейде соткам шырылдап жатса қуып түсімде жауап беріп жатамын.Бірақ мүлдем оянбаймын.
Соткаңа түсіңде жауап беретін болсаң шынымен де қуады екенсің)))))) Әзіл)
Менде де сондай жагдай болып турады.Соткама биреу зв.а естип жатамын.Турып жауап бере алмаймында.Тусимде алып сойлесем.Озим соны оним деп ойлайм.Бирак тургасын карап ееее тусим екенго дейтин кездер болады)
+1 дауыс
Ол адамның қандай көңіл-күймен ұйқыға жатуына байланысты. Мысалы, ерте жол жүретін адамдар сергек ұйықтайды.
+1 дауыс
ия менің әкем дәл сондай ұйықтап жатады, телевизор қосылып қалса ұйықтап жатыр ғой деп дауысын ошірсем,ей неге өшіресің мен тыңдап жатырмын ғой дейді,ал ұйықтағанда дәл қасында біреуге бірдеңе айтсам ,ертесіне соны айтып береді
...