+2 дауыс
5.2k көрілді
Ең ұлы математик деп сіз кімді айта аласыз? Математиканың ғана емес, басқа да ғылым салаларының маманы болса тіптен жақсы.

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Оу қазақтар адаспаңдар!!!!  Ең Ұлы математик - 18000 ғаламды жаратқан, есебіне адамның миы жетпес - РАББЫМЫЗ - АЛЛАХ (т.ғ). Ал адамдардың ең күшті математигі деп сұрасаңдар - жөн басқа!!!
Ия,дұрыс айтасыз.+1
Белгісіз
Негізі сұрақты оқыған адам бірден өзі түсінер деп қойған едім, ал бірақ "Адамдардың күшті математигі кім?" деп сұрау ойыма келмепті. Әрі ыңғайсыздау ғой. Бірақ дұрыс айтасыз.
+4 дауыс

Немістің Мюллер деген математигі бар. Сол шығар ең ұлы математик. Оның қалдырып кеткен есебін Шымкенттік бір қазақ шығарды жақында. Оған дейін ол есепті 150 жыл бойы ешкім шығара алмаған.

+2 дауыс
Ең ұлы ғалым Әбунасыр әл-Фараби. Ол математика, геометрия, филология, философия, физика, химия ғылымдары туралы бірнеше трактаттар жазып қалдырған.
+2 дауыс

Леонард Эйлер математика ғылымының ең көрнекті ағартушысы деп айта аламын! Мюлерді мықты деймін, бірақ мықтылырдың мықтысы, ең алғашқы орынға қоя алмаймын. 

Сенбесеңіз, ұлы математикатер деп іздеңіз, мейлі орысша, мейлі ағылшынша іздесең де Леонард Эйлер алғашқы орында тұрады. Өйткені оны әлем мойындаған ең ұлы математик!

+1 дауыс
Әрине, неміс математигі математиканын атасы-Карл Фридрих Гауус! Ал одан кейінгі керемет математиктер қатарына Леонардо Эйлер жатады, ол жүзге дейінгі барлық санның алғашқы 6 дәрежесін жатқа білген екен! Орыс академигі А.Ф.Иоффе (физика-математика институтының директоры) 30 миллион саны бар логарифмдік кестені есінде сақтап пайдалана алған екен!
+2 дауыс

Біздің мектептегі математика пәнінен сабақ беретін апайымызды айтар едім. Өзі математикадан да, физикадан да, қаржы, география сабақтарынан сабақ берген.cheeky

+1 дауыс
ЖӘУТІКОВ ОРЫНБЕК АХМЕТБЕКҰЛ
Ол кім? Мәлімет бере кетсең?
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D3%99%D1%83%D1%82%D1%96%D0%BA%D0%BE%D0%B2
Құдай өзі кешірсін, бірақ Жәутіковты ең ұлы математик деп айту өте қиын.
Неге олай дейсің? Өз ойың ба әлде бір деректерге сүйеніп айтып тұрмысың?
Аяу, мен үшін Жәутіков дүниедегі ұлы математик... Ал СЖ-да ұлы математик бұл сенсің - Аяу! Көрінбей кеттің ғой, ұстаз! =)
Математик болмасамда, өмірімнің біраз бөлігін математикаға арнаған жанның бірімін. Рахмет. Өкінішке орай Қазақстанда Жәутіковке насихат аз, мүмкін ол ұлы математик болар біреулер үшін. Бірақ ең ұлысы емес. Жоғарғы математикада өз қолтаңбасын қалдырған ғалым.
Биылғы жыл мен үшін өзгеріске толы жыл болды. Сондықтан сайтқа жиі кіретін уақыт болмапты. Қазақтан шыққан дүниедегі ең ҰЛЫ ғалым, ақылгөй, адам ол АБАЙ Құнанбайұлы деп мақтанышпен айтуға болады.
+1 дауыс
Негізі кез келген математикті өз дәрежесіне сай ұлы деп айтуға болады. Себебі: математика ғылымдардың ішіндегі ең қиыны әрі құндысы.

Мен үшін ҰЛЫ математиктер:

1) Ньютон математик әрі физик

2) Лагранж

3) Гаусс

4) Эвклид

5) Эйлер

6) Пифагор

Қазақтардан өкінішке орай ҰЛЫ математик деп айтуға болатын жан әлі туған жоқ және әлемді таңғалдыратындай дүние жүзінде әйел математиктер жоқ екен.
...